03/06/2026
Қолтаңбалы кітап: Автордың жүрегінен – сіздің қолыңызға ✍️📚
Құрметті оқырмандар! Кітапхана қорындағы қолтаңбалы кітаптар қатарымен таныстыруды жалғастырамыз. Автордың өз қолымен жазылған лебізі мен қолтаңбасы әр кітапқа ерекше мән беріп, оны рухани құндылыққа айналдырады. Бұл – қаламгер мен оқырман арасындағы үнсіз байланыс, уақытпен бірге сақталатын асыл белгі.
Бүгін назарларыңызға ұсынамыз:
✔️Жомарт Әбдіхалық «Ақселеуге жаздым хат». Эпистолярлық эссе.
Қазақ өркениетінің көрнекті тұлғалары Ақселеу Сейдімбек пен Жомарт Әбдіхалықтың адал достығы, бір біріне деген құрметі әдемі суреттелген.
✔️Қуаныш Сұлтанов «Қазақтың Қонаевы» - ұлтымыздың ұлы перзенті Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың ұзақ жылдар бойы ұлт мүддесі үшін атқарған мемлекеттік қайраткерлік еңбегі баяндалады.
✔️ Болат Ешмағамбетовтың «Өз-өзіммен әңгіме» деректі хикаяты – автордың өмір жолы мен тағылымды ой-толғамдары қамтылған мазмұнды еңбек.