16/07/2026
Сот отырысына келмеген алқаби әкімшілік жауапкершілікке тартылды
◾️Алматы облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды.
◾️Қылмыстық істі қарау барысында негізгі құрамға іріктеліп, ант қабылдаған алқабиге сот отырысының уақыты алдын ала ескертілген. Алайда, ол белгіленген күні сотқа дәлелсіз себептермен келмеген және мүлдем байланысқа шықпаған.
◾️Қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сәйкес, төрағалық етуші судья аталған алқабиді істі қарауға қатысудан шеттетіп, оны қосалқы алқабимен алмастырды.
⚖️Аса ауыр қылмыстық істі қарау кезінде өз міндетіне жауапсыздық танытқаны үшін Қарасай ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 657-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған 200 АЕК, яғни 865 000 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды.
◾️Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі
https://t.me/almatyoblysysottary
***
Сот жүйесінің өзекті жаңалықтары
https://t.me/Jogargy_sot
***
Присяжный заседатель привлечен к административной ответственности за неявку в суд
◾️В Специализированном межрайонном суде по уголовным делам (СМУС) Алматинской области с участием присяжных заседателей рассматривалось уголовное дело по факту убийства.
◾️В ходе рассмотрения дела присяжный, вошедший в основной состав и принявший присягу, был надлежащим образом извещен о времени судебного заседания. Однако в назначенный день он не явился в суд без уважительных причин и не выходил на связь.
◾️В соответствии с требованиями уголовно-процессуального законодательства, председательствующий судья отстранил данного присяжного от участия в рассмотрении дела, заменив его запасным присяжным заседателем.
⚖️За безответственное отношение к своим обязанностям при рассмотрении особо тяжкого уголовного дела постановлением Карасайского межрайонного суда по административным правонарушениям данный гражданин признан виновным по ч. 2 ст. 657 КоАП РК. Ему назначен административный штраф в размере 200 МРП, что составляет 865 000 тенге.
◾️Постановление вступило в законную силу.
Пресс-служба Специализированного межрайонного суда по уголовным делам Алматинской области
https://t.me/almatyoblysysottary
***
Актуальные новости судебной системы
https://t.me/Jogargy_sot