Коксу библиотека

Коксу библиотека Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Коксу библиотека, Library, Мырзабекова №4, Balpyk Bi.

Көксу ауданы Айнабұлақ ауылдық кітапханасы    Еліміздің бас қаласы, елордамыз Астана қаласы жыл санап гүлденіп, өркендеп...
22/06/2018

Көксу ауданы Айнабұлақ ауылдық кітапханасы
Еліміздің бас қаласы, елордамыз Астана қаласы жыл санап гүлденіп, өркендеп өсіп келеді. Биылғы жылы Тәуелсіз Қазақстанның теңдесіз жауһары, ару қаламыз – Астананың 20 жылдығы.
Осы орайда Айнабұлақ ауылдық кітапханасында кітапханашы Г.Қосымқұлованың ұйымдастыруымен «Ұлы дала төріндегі бас кала – қазағымның мақтанышы, Астана!» атты ертеңгілік өтті. Шара барысында Астана қаласы туралы ақпараттар ұсынылып, қызықты мәліметтер беріліп, викториналық сұрақтар қойылды. Ақын-жазушылардың Ару қаламызға арнап жүректерінен шыққан жырлары оқылып, тақырып аясындағы кітап көрмесімен таныстырылды. Шара соңында жас оқырмандардың салған «Елімнің Ақордасы – Астана» атты сурет көрмесіне шолу өтті.

Елімнің  Ақордасы –Астана        Тәуелсіздігіміздің тірегі,  Отанымыздың жүрегі-Астананың 20жылдық мерей той аясында Көк...
19/06/2018

Елімнің Ақордасы –Астана

Тәуелсіздігіміздің тірегі, Отанымыздың жүрегі-Астананың 20жылдық мерей той аясында Көксу аудандық кітапханасының балалар бөлімінде
«Елімнің Ақордасы -Астана » атты сурет салудан байқау өткізілді кітапхана оқырмандарымен. Осы шараға арнап «Астана байтағымның бас қаласы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу өткізілді.
Астана –ұлтымыздың ұясы, ұлы мұраттарға ұмтылған еліміздің ерекше символы. Астана-барша қазақстандықтың мақтанышы, жүрегінде аялап жүрер асылы. Қазақ қазақ болғалы ешкімнің нұсқауымен емес, өзінің таңдауымен, жүрегінің қалауымен таңдаған тұңғыш Астанасы осы болатын.
Байқауға қатысқан жас оқырмандар, Астана туралы небір туындыларды
салды өз ой қиялдарынан. Бас жүлдені Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектептің оқушысы Бөкенова Райхан мен Жөнкебаев Данияр жеңіп алды. 1-шіорынды Мылтықбаева Таным, Баймұханбетова Еңлік, Сыдықова Айдана алды. 2-ші орынды жас бүлдіршіндер иеленді: Рахат Аружан, Ускембаев Нұрасыл, Сейтжапар Мирас. Тағы да басқа суретті жақсы салған оқырмандарға сыйлықтар тапсырылды.
Шараға 13 оқырман қатысып 28 кітап алынды.

Кітапханашы: Л.Молдабаева

07/06/2018
Көксу аудандық кітапханасы04.06.2018ж. Көксу ауданы Мәмбет ауылдық кітапханасының кітапханашылары  4- маусым Қазақстан Р...
05/06/2018

Көксу аудандық кітапханасы

04.06.2018ж. Көксу ауданы Мәмбет ауылдық кітапханасының кітапханашылары 4- маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне «Мемлекеттік рәміздер- Тәуелсіздік белгілері» атты танымдық –ақпараттық бейне сағат өткізді. Аталған шарада «Елдіктің төл тұмары» атты ақпараттық бейнебаян көрсетілді. Лабасы ауылдық округінің әкімі Е.Ө.Шалқыбеков және ауыл ақсақалы Т.Ә.Бәкешов мерекемен құттықтап, рәміздердің құндылықтары туралы айтып өтті. Оқушылар рәміздер туралы қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа мәнерлеп айтты. Мәдениет қызметкерлері тақырыпқа байланысты әндер орындады. Шара барысында «Рәміздерім – мақтанышым» атты слайд көрсетіліп тұрды. «Айбыны асқақ -рәміздер» атты кітап көрмесінен кітапханашы Г.Бүрлібаева оқырмандарға библиографиялық шолу өткізді. Аталған шараға 28 оқырман қатысты.

Көксу аудандық кітапханасы31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналып «Қилы тағдырлы қаламгерлердің ...
01/06/2018

Көксу аудандық кітапханасы
31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналып «Қилы тағдырлы қаламгерлердің өткелді өмірлері» атты еске алу кеші аудандық кітапхананың оқу залында өткізілді. Кітапханашы Ш.Нұрғалиева қазақ елінің қуғын-сүргін жылдарында көрген зорлық-зомбылықтары жайлы деректермен таныстырды. «Құрбандар рухы ұмытылмайды» атты үлкен кітап көрмесінен библиографиялық шолуды Т.Сатыбалдиева оқырмандар назарына ұсынды.Қуғын сүргінге ұшыраған белгілі қаламгерлер «Бес арыс» , «Үш бәйтерек» жайлы деректер айтылды.Шараға қатысқан жергілікті ақын Бірлік Бекбаулыұлы қуғын-сүргіннің нәубетіне ұшыраған туыстары жайлы әңгімеледі.Шараға ауданымыздың ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Көбеева,Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Садықовалар қатысып саяси қуғын сүргін құрбандары жайлы айтып өтті. Оқушылар қуғын-сүргінге ұшыраған ақындардың өлеңдерін жатқа оқыды. Бұл шараға 36 оқырман қатысты

01/06/2018
Көксу ауданы Әкімінің Мәмбет ауылдық кітапханасы29.05.2018ж. Көксу ауданы Мәмбет ауылдық кітапханасында 31 –мамыр саяси ...
31/05/2018

Көксу ауданы Әкімінің Мәмбет ауылдық кітапханасы
29.05.2018ж. Көксу ауданы Мәмбет ауылдық кітапханасында 31 –мамыр саяси –қуғын сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне орай «Естен шығаруға болмайды» атты тарихи сағат өткізілді. Шара «Қазақ қасіреті» атты бейнебаян көрсетілумен басталды.Кітапханашы тарихымыздың қасіретті де зұлмат заманға байланысты тарихи оқиғаға ақпарат беріп өтті. Оқушылар алаш ардақтыларының өлеңдерін оқыды. «Алаш ардақтылары » атты слайд көрсетіліп тұрды. Оқырмандарға «Жазықсыз жапа шеккендер» атты кітап көрмесі таныстырылып өтілді. Аталған шараға 15 оқырман қатысты.

Көксу ауданы Әкімінің Зылиха Тамшыбай  ауылдық  кітапханас2018 жылдың 22 мамыр күні Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппа...
28/05/2018

Көксу ауданы Әкімінің Зылиха Тамшыбай ауылдық кітапханас

2018 жылдың 22 мамыр күні Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппаратында - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін насихаттау барысында Зылиха Тамшыбай ауылдық кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Халық үшін жасалған маңызды бастама» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға ауыл округ әкімі Асқар Ахметқалиұлы, әкімшілік қызметкерлері, ауыл ақсақалы Таңатар Әбдірахманұлы және ауыл жастары қатысты. Кітапханашы Б.Нусипова бастаманың басты бағыттарымен таныстыра өтті.
Ауыл әкімі Асқар Ахметқалиұлы өз сөзінде - «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» Елбасының үшінші бастамасы бұл қазақстандық жастарды қызықтырады әрі үміт сыйлайды деген ойын ортаға салды. Шара барысында сөз алған бас маман Тесебаева Зарина ҚР Президентінің халыққа жолдаған Үндеуінің 2 және 4 бастамасы бойынша өз ойын ортаға салып, жұмыссыз жүрген жастарға қолайлы және тиімді тұстарын түсіндіре өтті. Шараға қатысқан адам саны – 10.

Елбасының  «Болашаққа  бағдар: Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы  аясында  18 сәуір   ескерткіштер күніне  байланысты кітап...
23/04/2018

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 18 сәуір ескерткіштер күніне байланысты кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Есімі елдігімнің белгісі» атты тарихи танымдық сағаты өтті. Ел мен жерге еңбегі аса сіңген тұлғалар, ғасырлар тереңінен ұрпаққа, өнеге болып жарқырай түседі. Біздің ауылымыздың тумасы, әйел затынан бола тұра асқан ақыл, парасаты мен байыптылығы, адамгершілік, адалдық қасиеттерімен ерекшеленген Үлпілдек Дарабоз анамызды ерекше атар едік. Бізге Балпықбидің замандасы әрі оның сыйласымды жеңгесі болған Дарабоз ананың есімі жақсы таныс. Шын есімі – Қалипа. Кезінде бүкіл рулы елдің, ағайын – туыстың ауызбірлігін сақтауға мұрындық болып, үлкен ісін алға жетелеген. Осыған орай Бесқайнар клуб ұжымы, 7 – сынып оқушылары және ауыл жастары Дарабоз ананың кесенесіне барып құран бағыштап, Дарабоз ананың өмірбаянымен таныстырып, еңбегі жайлы біраз мағлұмат алды. Шараға – 15 адам қатысты.
В рамках реализации статьи Главы Государства «На пути к будущему: духовное возрождение» 18 апреля 2018 года библиотекарями Дома культуры села Зылиха Тамшыбай был организован историко-позновательный час на тему «Есімі елдігімнің белгісі» ко дню охраны памятников. Те, кто был отмечен страной и землей, являются блестящими и многовековыми.
В историческом часе была упомянута уроженка нашей деревни, мать Великой стены, которая отличалась его интеллектом и искренностью, нравственностью и честностью. Имя матери - Дарабоз ана, хорошо известная нам как современник Балтийского города и уважения. Ее настоящее имя - Калипа.
В то же время вся страна со своим братом была тем, кто внес большой вклад в сохранение единства своих родственников.
В связи с этим сотрудники клуба села Бескинар, ученики 7-го класса и сельская молодежь посетили мавзолей матери Дарабоз ана. Ознакомили с биографией Дарабоз ана.
В мероприятии приняли участие 15 человек.

Айнабұлақ ауылдық кітапханасы    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламент...
19/04/2018

Айнабұлақ ауылдық кітапханасы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында жария еткен «Президенттің бес әлеуметтік бастамалары» мәлімдемесінде халықтың жағдайы төмен топтары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру, жалақысы төмен қызметкерлер үшін салықты азайту, қазақстандық білім беру жүйесінде оңды ілгерілеуді ынталандыруға бағытталған жоғарғы білім сапасы мен қолжетімділігін арттыру, елдің орталық және солтүстік өңірлеріндегі экологиялық жағдайды жақсарту мен дамытуға бағытталған газдандыруды жалғастыру сияқты әлеуметтік маңызы бар мәселелерге мән берді.
Қазақстанда ұзақ мерзімді әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында әлеуметтік бағыттағы ауқымды жобаларды жүзеге асырудың уақыты келді. Жалпы алғанда төменде аталған шаралар маңызды әлеуметтік-саяси әсерге ие болады: біріншіден, елдің қоғамдық байлығындағы халықтың өз үлесінің қатысын сезінуіне мүмкіндік береді; екіншіден, еліміздің қалыпты дамуына қажетті отбасылық институтты нығайтады, демографиялық өсімді белсендендіреді, азаматтардың өз болашағы және балаларының болашағына сенімді болуға қажетті құндылықты ынталандырады; үшіншіден, халық арасында бірлік сезімін нығайтады, сенім мен болашаққа деген үмітті арттырады. Мұның бәрі әлеуметтік оптимизм деңгейін күрт арттырып, қоғамдық келісімді нығайтады.
Осы орайда Айнабұлақ ауылдық кітапханашысы Г.Қосымқұлова мен Жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушы Ж.Джандарбекованың бірігіп ұйымдастыруымен №12 орта мектептің 10-11 сынып оқушыларымен Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуіне насихаттау жұмысы жүргізілді. Іс-шара барысында бейнеролик көрсетіліп, бастаманың басты бағыттары мен тиімді тұстары түсіндірілді. Оқушылар үшінші бастамаға қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, болашақта білім алуға үлкен мүмкіндік алатындарын түсінді. Іс-шараға 25 адам қатысты.

Айнабұлақ ауылдық кітапханашысы: Г.Қосымқұлова

Ескерткіштер күніне арналған іс-шара    Көксу аудандық кітапханасында 18 –сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орын...
19/04/2018

Ескерткіштер күніне арналған іс-шара
Көксу аудандық кітапханасында 18 –сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Мәңгілік елдің – мәңгілік мұрасы» атты ақпаратты- танымдық сағат өткізілді. «Мәдени мұралар мәңгілік» атты кітап көрмесінен шолуды кітапханашы М.Салқымбаева жүргізді. «Мәңгілік елдің мәңгілік мұрасы» атты әңгімеде кітапханашы Ш.Нұрғалиева еліміздегі тарихи ескерткіштерді сақтау және мәдени мұрамызды қорғау мәселелері жайлы айтып өтті.Шараға мектеп оқушылары, мәдениет қызметкерлері қатысты. Барлығы 22 адам .

Ескерткіштер сыр шертедіКөксу  аудандық  кітапхананың ұйымдастыруымен 18 сәуір – ескерткіштер күнінде  «Тарих  және  Тан...
19/04/2018

Ескерткіштер сыр шертеді
Көксу аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен 18 сәуір – ескерткіштер күнінде «Тарих және Таным»-атты танымдық саяхат өтті.Бұл шараға Н.Алдабергенов атындағы орта мектептің 9а сынып оқушылары, жастар жетекшісі Молдағали Даурен , Мәдениет үйі қызметкерлері қатысты. Ескерткіш тарихы жайлы деректер айтылды. Мұсабек Сеңгірбаев, Иван Демидович Шадрин, Темірғали Исабаев, «Отан Ана», «Ауған соғысы» ескерткіштеріне мәлімет берілді. «Мұсабек батыр» поэмасынан үзінді оқылып, ескерткіштерге гүл шоқтары қойылып, тағзым етілді. Ауданымыздың тарихына арналған игілікті іс-шаралар мұнан кейін де жалғасын тауып, халықтың мәдени және рухани мұрасын насихаттап, болашақ ұрпақты отансүйгіштікке баулуда ескерткіштердің орны бөлек. Бұл ел үшін жан қиған ерлер ерлігінің мәңгілік ұмытылмайтындығының жарқын көрінісі

Address

Мырзабекова №4
Balpyk Bi

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Коксу библиотека posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share

Category