02/06/2026
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
«Жазғы демалыс»: Атырауда түнгі рейд барысында 30 жасөспірім анықталды
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуда ата-ананың бақылауы мен тәрбиесінің маңызы ерекше. Әсіресе жазғы демалыс кезеңінде бос уақыт көбейгендіктен, балалардың қараусыз қалуы түрлі келеңсіз жағдайларға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстарды тәулік бойы күшейтуде.
Атырау облысы Полиция департаменті «Тәуелсіз өмір» жастар қозғалысы және Есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшесі әрі блогер Андрей Котовпен бірлесіп түнгі профилактикалық рейд ұйымдастырды.
Іс-шара барысында тәртіп сақшылары сағат 22:00-ден кейін өздеріне бекітілген аумақтар бойынша топтарға бөлініп, Атырау қаласындағы Жастар саябағы мен басқа да қоғамдық орындарды аралады. Полицейлердің айтуынша, мұндай рейдтердің негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың түнгі уақытта заңсыз немесе қауіпті ортада жүруінің алдын алу.
Рейд нәтижесінде бір тәулік ішінде түнгі мезгілде заңды өкілдерінің қарауынсыз көшеде жүрген 30 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Олардың ата-аналары мен заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жаз мезгілі басталған тұста ювеналдық полиция қызметкерлері ата-аналарға балалардың жүріс-тұрысы мен бос уақытын жіті бақылауда ұстаудың маңызын ескертеді. Себебі жыныстық қолсұғушылық, төбелес, бұзақылық, буллинг және басқа да құқық бұзушылықтарға түрткі болатын жағдайлар көбіне түнгі уақытта орын алады.
Жас ұрпақтың қауіпсіздігі мен тәртібіне бейжай қарамайтын тәртіп сақшылары мұндай профилактикалық іс-шараларды алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастыра бермек.
#ЗАКОНИПОРЯДОК
«Летние каникулы»: в Атырау во время ночного рейда выявлены 30 несовершеннолетних
В период летних каникул вопросы безопасности детей и подростков приобретают особую актуальность. Увеличение свободного времени и отсутствие должного контроля со стороны взрослых нередко становятся причинами различных правонарушений и происшествий. В связи с этим сотрудники полиции усиливают профилактическую работу, направленную на обеспечение безопасности несовершеннолетних.
Сотрудники полиции совместно с молодежным движением «Тәуелсіз өмір», а также членом Совета по профилактике наркоправонарушений и блогером Андреем Котовым провели ночной профилактический рейд на территории областного центра.
После 22:00 участники рейда обследовали Молодёжный парк и другие общественные места города. Основная цель мероприятия — предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних, обеспечение их безопасности и недопущение нахождения подростков в ночное время без сопровождения законных представителей.
По итогам рейда в течение суток выявлены 30 несовершеннолетних, находившихся на улице в ночное время без сопровождения родителей или иных законных представителей. В отношении родителей и законных представителей приняты меры административного воздействия в соответствии с действующим законодательством.
Сотрудники ювенальной полиции напоминают, что именно в летний период возрастает риск вовлечения подростков в противоправные действия. Нахождение несовершеннолетних на улице в позднее время повышает вероятность стать жертвой преступлений, несчастных случаев, а также участником драк, фактов буллинга, хулиганства и других правонарушений.
Полицейские призывают родителей уделять больше внимания организации досуга детей, интересоваться кругом их общения и местонахождением, а также не оставлять их без присмотра в вечернее и ночное время.
Профилактические рейды и другие мероприятия, направленные на обеспечение безопасности подрастающего поколения, будут проводиться на постоянной основе.