Baytaq Jasyldar партиясы Атырау облысы

Baytaq Jasyldar партиясы Атырау облысы Атырау облысы бойынша Baytaq Jasyldar партиясы облыстық филиалы.

Іске сәт
30/03/2026

Іске сәт

Атырауда экологиялық бастамаларға серпін берілдіТабиғат – бізге аманат, ал тазалық – сол аманатқа адалдықтың өлшемі. Пре...
23/03/2026

Атырауда экологиялық бастамаларға серпін берілді

Табиғат – бізге аманат, ал тазалық – сол аманатқа адалдықтың өлшемі. Президент бастамашы болған «Таза Қазақстан» жобасы – жай ғана экологиялық акция емес, бұл – ұлттың жаңа ойлау мәдениетін қалыптастыратын рухани қозғалыс.

Атырау өңірі – өндіріс пен табиғат қатар өрілген аймақ. Сондықтан біз үшін экология мәселесі тек қоршаған ортаны қорғау емес, ол – халықтың денсаулығы, болашақ ұрпақтың тағдыры. «Байтақ» жасылдар партиясы бұл бағыттағы әр бастаманы толық қолдай отырып, нақты істер арқылы үлгі көрсетуді басты міндет санайды.

Біз «Тазару күні» аясында тек сенбіліктермен шектелмей, экологиялық ағарту, жасыл аймақтарды көбейту, су көздерін сақтау, тұрмыстық қалдықтарды азайту мәдениетін қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстарды күшейтеміз. Әсіресе, жастардың экологиялық жауапкершілігін арттыру – басты назарымызда.

Тазалық – сыртқы әрекет қана емес, ол – сана мен ниеттің тазалығы. Егер әрбір азамат туған жеріне жанашырлықпен қарап, қоршаған ортаны қорғауды өмір салтына айналдырса, біз шынымен де әділетті, таза әрі өркендеген Қазақстанды бірге құра аламыз.

Барша атыраулықтарды табиғатты аялауға, ортақ іске үлес қосуға шақырамыз. Жасыл болашақ – бүгінгі әрекетімізден басталады.

Руслан КҮМІСҚАЛИЕВ,
«Байтақ» жасылдар партиясы
Атырау облыстық филиалының басшысы, Атырау қалалық мәслихатының депутаты

17/03/2026
16/03/2026

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазмедиа" орталығында республикалық референдум аясындағы үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан жастармен кездесті. Президент бүгін тарих...

Біз Байтақ жасылдар партиясының Атырау облыстық филиалы мүшелері референдумға қатысып, жаңа Конституцияны қабылдау мәсел...
15/03/2026

Біз Байтақ жасылдар партиясының Атырау облыстық филиалы мүшелері референдумға қатысып, жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өз дауыстарымызды бердік. Бұл – еліміздің болашағына бей-жай қарамайтын әрбір азаматтың маңызды азаматтық борышы.

Референдум – халықтың өз пікірін білдіріп, мемлекет дамуына тікелей ықпал ететін демократиялық тетік.

15/03/2026

Бүгін мен, Күмісқалиев Р.А. “Байтақ” жасылдар партиясының Атырау облыстық филиалының төрағасы ретінде, жалпыұлттық референдумға отбасымен қатысып, өз таңдауымызды жасадық .

Бұл – еліміздің болашағына бейжай қарамайтын әр азаматтың азаматтық жауапкершілігі деп санаймын. Референдум – мемлекет дамуына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын тарихи саяси науқан.

Сондықтан бүгін мен де өз дауысымды беріп, еліміздің болашағына қатысты өз таңдауымызды жасадық .»

Address

Atyrau

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Baytaq Jasyldar партиясы Атырау облысы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share