09/12/2022
Атыраулық полицейлер "Автобус" іс-шарасы кезінде 250-ден астам құқық бұзушылықты анықтады
Атырау қаласының аумағында 2022 жылдың 5-11 желтоқсан аралығында "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Негізгі мақсат - жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын алу, жол-көлік оқиғаларын азайту мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтау. Іс-шараны өткізуге 200-ге жуық полиция қызметкерлері жұмылдырылды.
Аталмыш іс-шараның төрт күнінде полицейлер 241 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 13 жайт жолаушыларды заңсыз тасымалдау дерегі. Ал көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 18 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін - 39, қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін-3, техникалық байқаудан өтпегені үшін - 38, жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін - 13, заңсыз қайта жабдықтағаны үшін-8 құқық бұзушыны жауапқа тартты.
Рейд барысында ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзудың 14 жайты анықталып, 5 автокөлік арнайы тұраққа қойылды. 38 автобустың техникалық жай-күйі, жылытуы және т. б. сәйкестігі тексерілді.
Атыраулық полицейлер атап өткендей, қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауы бойынша осындай профилактикалық шаралары жол-көлік оқиғаларын азайтуға, сондай-ақ жолаушылар тасымалы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол қозғалысы ережелерін сақтауға ықпал етеді.