03/06/2026
Мәжіліс екінші оқылымда бірқатар заңды қабылдады
Мәжіліс екінші оқылымда нотариаттық қызмет және заң көмегі мәселелері жөніндегі түзетулерді қабылдады. Депутаттар бастамашы болған заң жеке нотариустар заң көмегін көрсеткен кезде азаматтардың құқығын қорғаудың қосымша кепілдіктерін қамтамасыз етуге, сондай-ақ нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау тетіктерін және нотариустардың жауапкершілігін күшейтуге арналған. Осы мақсатпен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға және одан айыруға негіз болатын талаптар тізбесі кеңейтіледі. Құжатта атқарушылық жазба жасаудың ашықтығы мен объективтілігін арттыру нормалары көзделген.
Екінші оқылымда «Психологиялық қызмет туралы» депутаттық заң да қабылданды. Атап айтқанда, құжат шеңберінде онлайн платформалар арқылы психологиялық көмек көрсету мәселелері реттеліп, Психологтың әдеп кодексін сақтау талаптары енгізілді. Сондай-ақ мамандарды психологтар тізіліміне енгізу және одан шығару тәртібі регламенттелді. Сонымен қатар, адам санасына әсер ететін психикалық белсенді заттарды және әдістерді қолдануға тыйым салынды.
Мәжіліс депутаттары бастамашы болған әлеуметтік заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі түзетулер де екінші оқылымнан өтті. Заңның негізгі ережелері техникалық және кәсіптік білім беру мен кәсіби біліктілік жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ көші-қон саясатын реттеуге бағытталған. Бұған қоса, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және инклюзивті білім беру салаларын қамтитын нормалар қабылданды. Осылайша, белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары қызметінің тәртібі заңнамалық түрде айқындалады, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу мен мониторингтеу қағидалары бекітіледі.
Бұдан бөлек, екінші оқылымда «Топырақты қорғау туралы» заң мен ілеспе түзетулері қабылданды. Құжаттарды Мәжіліс депутаттары топырақты тиімді басқарудың, оның құнарын қорғаудың және арттырудың құқықтық негізін құру мақсатымен әзірледі. Енді шаруақожалықтар жер телімінің паспортын ресімдейтін болады, онда жердің шекарасы мен өлшемдері ғана емес, оның сапалық деректері де көрсетіледі. Сонымен қатар топырақ құнарын толықтыруға тікелей байланысты ғылыми негізделген әдістерді міндетті түрде қолдану және басқа да нормалар көзделеді.
Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі депутаттық түзетулер де екінші оқылымнан өтті. Олар жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін құқықтық реттеуді жетілдіруге және мәслихаттар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұдан бөлек, кірістердің бір бөлігі аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер деңгейіне беріледі, сондай-ақ «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына қатысушылардың тізімі кеңейтіледі.
Екінші оқылымда депутаттар бастамашы болған «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» заң және оған ілеспе түзетулер қабылданды. Ұсынылып отырған жаңашылдықтардың ең маңызды нәтижесі – радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму жөніндегі жекелеген операцияларды реттеуден радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің бүкіл жүйесін кешенді реттеуге көшу. Екінші оқылымда депутаттар тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалау режимін енгізуді, сондай-ақ оны жүзеге асырудың арнайы тәртібін бекітуді көздейтін түзетулер жасады. Сонымен қатар заң жобасында «ядролық мұра объектілері», «Атом электр станциясының ұлттық операторы» ұғымдары және басқа да жаңа нормалар енгізіледі.
Толығырақ Мәжілістің mazhilis.parlam.kz ресми сайтынан және mazhilis_kz Telegram арнасынан оқи аласыздар.
__
Мажилис принял ряд законов во втором чтении
Мажилис принял во втором чтении поправки по вопросам нотариальной деятельности и юридической помощи. Инициированный парламентариями закон призван обеспечить дополнительные гарантии защиты прав граждан при оказании юридической помощи частными нотариусами, а также усилить механизмы госконтроля в сфере нотариальной деятельности и ответственность нотариусов. В этих целях расширяется перечень оснований для приостановления и лишения лицензии на право занятия нотариальной деятельностью. Документом предусмотрены также нормы по повышению прозрачности и объективности совершения исполнительных надписей.
Во втором чтении также принят депутатский закон «О психологической деятельности». В частности, в его рамках урегулированы вопросы оказания психологической помощи посредством онлайн-платформ, введены требования по соблюдению Кодекса этики психолога, а также регламентирован порядок включения специалистов в реестр психологов и исключения из него. Наряду с этим установлен запрет на использование психоактивных веществ и психоактивных методов, влияющих на сознание человека.
Второе чтение прошли инициированные парламентариями поправки по вопросам совершенствования социального законодательства. Основные положения закона направлены на совершенствование системы технического и профессионального образования и профессиональных квалификаций, а также урегулирование миграционной политики. Дополнительно приняты нормы, охватывающие сферы здравоохранения, социальной защиты населения и инклюзивного образования. Так, законодательно определяется порядок деятельности центров активного долголетия, определены правила установления и мониторинга квоты рабочих мест для трудоустройства лиц с инвалидностью.
Кроме того, во втором чтении приняты закон «Об охране почв» и сопутствующие поправки. Документы разработаны депутатами Парламента с целью создания правовой основы для эффективного управления почвой, защиты, поддержания и повышения ее плодородия. Теперь крестьянские хозяйства будут оформлять паспорт земельного участка, в котором отражение найдут не только его границы и размеры, но и качественные характеристики. Помимо этого, предусматриваются обязательное применение научно обоснованных методов по повышению плодородия почв и другие нормы.
Также второе чтение прошли депутатские поправки по вопросам государственного управления и местного самоуправления. Они направлены на совершенствование правового регулирования системы местного самоуправления и повышение эффективности деятельности маслихатов. Кроме того, часть доходов передается на уровень городов районного значения, сел, поселков и сельских округов, расширяется список участников программы «С дипломом – в село».
Во втором чтении приняты закон «Об обращении с радиоактивными отходами» и сопутствующие ему поправки, инициированные парламентариями. Наиболее важным результатом предлагаемых нововведений является переход от регулирования отдельных операций по хранению и захоронению радиоактивных отходов к комплексному регулированию всей системы обращения с ними. Ко второму чтению внесены поправки, согласно которым вводится режим постоянного госконтроля и надзора, а также закрепляется их специальный порядок, вводятся понятия «объекты ядерного наследия», «Национальный оператор атомной электрической станции» и другие.
Подробности читайте на официальном сайте mazhilis.parlam.kz и Telegram-канале Мажилиса mazhilis_kz.
t.me/mazhilis_kz