04/06/2026
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында сенаторлар жаңа Конституцияны іске асыруға бағытталған бірқатар заңдарды мақұлдады және депутаттық сауалдар жолдады.
Атап айтқанда, сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру салаларын жетілдіруге арналған заңдар қаралып, инвестициялық омбудсмен институтының өкілеттіктері нақтыланды. Сонымен қатар Конституциялық Сотқа жүгінген азаматтарға мемлекеттік бажды алып тастау туралы Салық кодексіне енгізілген түзетулер мақұлданды.
Сондай-ақ сенаторлар арнаулы мемлекеттік органдар қызметін жетілдіруге және ғылым, білім, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыру салаларын дамытуға бағытталған заңдарға қолдау білдірді. Құжаттар ғылыми инфрақұрылымды нығайтуға, ғалымдарды қолдауға және мемлекеттік жүйелердің тиімділігін арттыруға арналған.