27/05/2026
📌Алматыда мемлекеттік қызмет жүйесін қалай реформалайтыны туралы айтылды
🔹Қазақстанның мемлекеттік органдары жұмыстың жаңа моделіне көшуде. Онда басты басымдық — халық, мемлекеттік қызметтердің сапасы және тұрғындармен ашық диалог орнату. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Еркеболат Нұржігітов Мемлекет басшысы 2026 жылғы 19 мамырда қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының жаңа редакциясына түсініктеме беру барысында мәлімдеді.
🔹Департамент басшысының айтуынша, жаңа заң мемлекеттік қызмет жүйесін заманауи, икемді әрі азаматтарға түсінікті ету үшін қажет. Билік өкілдері мемлекеттік органдардың жұмысы жылдам әрі тиімді болады, ал мемлекеттік қызметшілер халық сұранысына бейімделген, ашық әрі кәсіби болады деп күтуде.
🔹«Қолданыстағы заң 2015 жылы қабылданған болатын. Осы уақыт ішінде мемлекеттік қызмет жүйесі жаңа сын-қатерлерге тап болды. Бүгінде азаматтар жылдам, түсінікті және сапалы қызмет күтеді, ал жүйенің өзі икемді әрі заманауи болуы тиіс. Сондықтан заңнаманы жаңартып, оны жаңа талаптарға бейімдеу қажеттілігі туындады», — деп күтуде.
🔹«Қолданыстағы заң 2015 жылы қабылданған болатын. Осы уақыт ішінде мемлекеттік қызмет жүйесі жаңа сын-қатерлерге тап болды. Бүгінде азаматтар жылдам, түсінікті және сапалы қызмет күтеді, ал жүйенің өзі икемді әрі заманауи болуы тиіс. Сондықтан заңнаманы жаңартып, оны жаңа талаптарға бейімдеу қажеттілігі туындады», — деп атап өтті Департамент басшысы.
📌В Алматы рассказали, как будут реформировать систему государственной службы
🔹Государственные органы Казахстана переходят к новой модели работы, где главным приоритетом становятся люди, качество государственных услуг и открытый диалог с населением. Об этом в ходе брифинга на площадке Региональной службы коммуникаций сообщил руководитель Департамента Агентства по делам государственной службы по городу Алматы Еркеболат Нуржигитов, комментируя новую редакцию Закона РК «О государственной службе Республики Казахстан», подписанную Главой государства 19 мая 2026 года.