02/02/2026
Ата заң – теңдессіз құжат
Ұсынылған Қазақстан Республикасының Конституция жобасы – Қазақстанның саяси-құқықтық жүйесін қайта қалыптастыруға бағытталған және қоғам сұранысына заманауи тұрғыдан жауап беретін маңызды қадам болып табылады. Бұл құжат халық пен басқарушы билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға негізделген және ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, сонымен қатар, заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Аталмыш конституциялық реформалар мемлекеттік басқару мен құрылымдық атқару қызметінің ашықтығына жауапкершілігін арттырып, қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді және бірлесе еңбек етуге деген құлшынысты арттырады. Конституцияның жаңаша жаңғыртылған заң баптары елдің мемлекет басшысы мен басқару қызметіне деген сенімін нығайтады.
Конституция жобасында маңызды жаңашылдықтың шынайы көрінісі ретінде ұсынылған «Қазақстан Халық кеңесі» институтының маңызы зор. Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасындағы бұл институт – еліміздің құқықтық жүйесіне жасалған маңызды қадам. Қоғам мен мемлекет арасындағы диалог пен келісімді күшейтіп азаматтардың халықтық шешімдер қабылдауына қатысуын көздейді. Халық кеңесі – ол «еститін мемлекет» қағидасына сай жұмыс істейді, осыдан барып, демократиялық мәдениет қалыптасады.
Әлеуметтік топтар мүдделері ескеріледі, мемлекет халықпен бірлесе жұмыс істеуіне бұл кеңес игі ықпал етеді.
Шыныбекова Айгүл
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология факультеті,
А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының
ассистент-профессоры