09/04/2026
Алматы аумақтарын жаңғырту
Алматы әкімдігінде жеке тұрғын үй құрылысы басым аумақтарды жаңғыртудың маңызы түсіндірілді. Қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Наурызбай ауданындағы Абай шағынауданында орналасқан бау-бақша серіктестіктерінің тұрғындарымен кездесіп, жер телімдерінің нысаналы мақсатын ЖТҚ-ға өзгерту және Бас жоспарға енгізілетін түзетулерді талқылады.
Бас жоспарға сәйкес, бұл аумақта әлеуметтік нысандар, саябақтар, тұрғын және коммерциялық аймақтар қарастырылған. 2040 жылға қарай қала халқының 3,6 млн адамға дейін өсуі мүмкін екенін ескере отырып, тұрғындарды баспанамен, жұмыс орындарымен және инфрақұрылыммен қамтамасыз ету өзекті.
Сондай-ақ тығыздығы төмен, шашыраңқы құрылыстар жер ресурстарының тиімсіз пайдаланылуына және көлік жүктемесінің артуына әкелетіні атап өтілді.
Аумақтарды кешенді жаңғырту қаланың орнықты дамуы үшін маңызды. Жобаларды іске асыру жер иелері мен инвесторлар арасында келісім болған жағдайда ғана мүмкін, ал жер құны Бас жоспардағы қала құрылысы аймақтарына қарай айқындалады.
***
Преобразование территорий Алматы
В акимате Алматы разъяснили необходимость преобразования территорий с индивидуальной застройкой. Заместитель акима Алматы Бейбут Шаханов встретился с жителями садоводческих товариществ мкр. Абай Наурызбайского района. Обсудили вопросы перевода участков из садоводства в ИЖС (индивидуальное жилищное строительство) и проект корректировки Генерального плана.
Генплан предусматривает размещение социальных объектов, парков, жилых и коммерческих зон. С учетом роста города к 2040 году до 3,6 млн человек важно обеспечить жителей жильем, рабочими местами и современной инфраструктурой.
Отмечено, что сохранение низкоплотной застройки и разрозненной структуры внутри города ведет к дефициту земель, усиливает маятниковую миграцию и нагрузку на дороги.
Комплексное преобразование таких территорий рассматривается как необходимое условие развития. Реализация проектов возможна при достижении договоренностей инвестором с собственниками участков. При формировании цены участка ключевую роль играет градостроительное зонирование, закреплённое в Генплане, а не формальное целевое назначение земли.