22/01/2025
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ МҮШЕЛЕРІНЕН АТА-АНАЛАР ҚАУЫМЫНА
ҮНДЕУ
Құрметті ата-аналар!
19 қаңтар күні Астанада баршамыздың жанымызға бататын қайғылы оқиға орын алды. Алдын ала ақпарат бойынша онлайн ойындарға шамадан тыс әуестікке байланысты жанжал туындап, салдарынан жақын туысқанының қолынан бір адам қайтыс болып, үшеуі жарақат алды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Біз қаза тапқан адамның жақындары мен туыстарына, сондай-ақ осы қайғыға душар болғандардың барлығына көңіл айтамыз.
Бұл оқиға балаларымыз қызығатын және әуестенетін дүниелерге жіті көңіл бөлудің маңыздылығын көрсетеді. Бүгінде технологиялар – өміріміздің ажырамас бөлігі. Жастар, әсіресе жасөспірімдер, виртуалды әлемде уақыттарын көбірек өткізуде. «Kazakhstan Kids Online» зерттеуіне сәйкес, Қазақстанда балалардың 15%-дан астамы интернеттегі теріс мазмұнмен күнделікті кездеседі. Бейнеойындарға, әлеуметтік желілерге және онлайн қарым-қатынасқа тәуелділік артып келеді. Бұл көбінесе балалардың қоғамнан оқшаулануына алып келіп, отбасыдағы түсініспеушіліктер мен жанжалдарға себеп болады.
Құрметті ата-аналар!
Ұлттық комиссия сіздерді балаларыңыздың қызығушылықтары мен мәселелеріне айрықша көңіл бөлуге шақырады. Балаларыңыздың өміріне қатысу, олардың әуестіктеріне шынайы қызығушылық таныту және сенімге негізделген қарым-қатынас, диалог құру – олардың үйлесімді дамуының негізі және мүмкін болатын қауіптердің алдын алудың тиімді жолы.
Сонымен қатар, біз ата-аналарға балалардың интернеттегі контенті мен өткізетін уақытына назар аудару үшін қолжетімді «ата-ана бақылауы» құралдарын пайдалануға кеңес береміз. Бұл балаларды гаджеттерге шамадан тыс әуестенуден, деструктивті ойындардан қорғауға және киберқауіп-қатерлерді азайтуға көмектеседі. Киберқауіпсіздікке мұқият мән беру отбасылық саламатты өмірдің маңызды бөлігіне айналуға тиіс.
Қазіргі заманның шынайылығы сол – балалармен қарым-қатынасқа көп уақыт бөліне бермейді. Дегенмен, балаларыңыздың өмірі мен денсаулығынан маңызды ештеңе жоқ. Отбасында сенімге негізделген атмосфера құрып, олардың қауіпсіздігін қадағалаңыз және ең бастысы – БАЛАЛАРЫҢЫЗҒА ҮЛГІ БОЛА БІЛІҢІЗ.
Бұл қайғылы оқиға бәрімізге үлкен сабақ болып, басымдықтарымызды қайта қарауға түрткі болады деп сенеміз. Отбасы, мемлекет және қоғамның бірлескен күш-жігері арқылы ғана біз балаларымыз үшін қауіпсіз әрі берекелі болашақ жасай аламыз. Балаларымыз аман болсын!
Құрметпен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері
—————————————————-
ОБРАЩЕНИЕ
ЧЛЕНОВ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОМИССИИ ПО ДЕЛАМ ЖЕНЩИН И
СЕМЕЙНО-ДЕМОГРАФИЧЕСКОЙ ПОЛИТИКЕ
ПРИ ПРЕЗИДЕНТЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
К РОДИТЕЛЬСКОЙ ОБЩЕСТВЕННОСТИ
Уважаемые родители!
19 января в Астане произошло трагическое событие, потрясшее всех нас. В результате конфликта, предположительно вызванного замечанием о злоупотреблении онлайн-играми, от рук близкого родственника один человек был убит и трое пострадали. Обстоятельства произошедшего продолжают выясняться. Мы выражаем глубокие соболезнования родным и близким погибшего и тем, кого коснулась трагедия.
Этот случай показывает нам, насколько важно уделять внимание увлечениям и интересам наших детей. Сегодня цифровые технологии - это неотъемлемая часть нашей жизни. Молодёжь, особенно подростки, всё больше времени проводят в виртуальном мире. Согласно исследованию «Kazakhstan Kids Online», более 15% детей в Казахстане ежедневно сталкиваются с негативным контентом в интернете. Растет зависимость от видеоигр, социальных сетей и онлайн-общения. Это нередко становится причиной социальной изоляции, что приводит к недопониманию и конфликтам в семье.
Дорогие родители!
Национальная комиссия призывает вас проявлять больше внимания к своим детям, их интересам и проблемам. Участие в жизни своих детей, искренний интерес к их увлечениям и доверительные беседы — это основа их гармоничного развития и действенная профилактика возможных трагедий.
Мы также настоятельно рекомендуем родителям использовать доступные инструменты «родительского контроля» для того, чтобы знать о потребляемом контенте и времени, проводимом детьми в сети интернет. Это поможет оградить детей от чрезмерного увлечения гаджетами, деструктивными играми и минимизировать риски, связанные с киберугрозами. Забота о кибербезопасности становится важной частью благополучия в семье.
Современные реалии часто оставляют мало времени на общение с детьми. Однако ни одно дело не может быть важнее жизни и здоровья ваших детей. Создавайте в семье атмосферу доверия, следите за безопасностью и самое главное – БУДЬТЕ ПРИМЕРОМ ДЛЯ СВОИХ ДЕТЕЙ.
Эта трагедия станет еще одним уроком для всех нас и поводом переосмыслить наши приоритеты. Только через совместные усилия семьи, государства и общества мы сможем создать безопасное и благополучное будущее для наших детей. Пусть наши дети будут с нами.
С уважением, члены Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте Республики Казахстан