04/06/2026
2026 жылғы 4 маусымда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында түлектерге арналған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.
Аталған маңызды іс-шараға Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы қатысып, жас мамандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары туралы кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Орталық мамандары түлектерді еңбек нарығына тиімді бейімдеу жолдарымен таныстырып, кәсіби тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, жастарға арналған қолдау тетіктері және «Жастар практикасы» жобасының артықшылықтары жан-жақты түсіндірілді.
04 июня 2026 года на базе Казахского национального женского педагогического университета была организована «Ярмарка вакансий» для выпускников.
В данном важном мероприятии принял участие Центр трудовой мобильности города Алматы. Специалисты центра провели масштабную информационно-разъяснительную работу для молодых специалистов о мерах государственной поддержки.
Представители центра подробно рассказали о возможностях трудоустройства в рамках государственных программ, способствующих адапт�