17/07/2026
〽️Елордада бастауыш сынып мұғалімдерінің республикалық жазғы сессиясы басталды
✅Бүгін Астанада Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қатысуымен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастырған «Бастауыш мектептің жазғы сессиясы: Сапалы өзгерістер және кәсіби даму» атты республикалық семинар басталды.
🤝Сессияға еліміздің барлық 20 өңірінен 200-ден астам қатысушы - білім басқармаларының жауапты мамандары, әдістемелік орталықтардың өкілдері, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және бастауыш сынып педагогтері қатысуда.
🔖Семинардың ашылуында Жұлдыз Сүлейменова жаңа оқу жылындағы бастауыш білім берудің негізгі міндеттері мен басым бағыттарына тоқталып, енгізілетін өзгерістерді барлық өңірде сапалы әрі бірізді іске асырудың маңызын атап өтті.
🗣Жазғы сессия жаңа оқу жылы қарсаңында бастауыш білім беру жүйесіндегі негізгі өзгерістерді талқылауға, оларды тәжірибеге енгізудің ортақ тәсілдерін қалыптастыруға және педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған.
🗣Пленарлық отырыс пен тақырыптық воркшоптар аясында Жаңа Конституция құндылықтарын, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын, «З