10/07/2026
Алматы қаласы Мемлекеттік архивінің ұжымы архивтің №745 қорқұрушысы, көрнекті ақын, аудармашы, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұртас Ибрагимұлы Исабаевтың 72 жасқа қараған шағында дүниеден озуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.
Нұртас Ибрагимұлы Исабаев 1954 жылғы 13 қарашада Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Ол – Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының және Ораз Жандосов қоры сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік стипендиясының иегері, «Құрмет» орденімен марапатталған.
Ақынның алғашқы жыр жинағы «Бастау» 1980 жылы жарық көріп, кейін «Өмірді сүю», «Ұлылықпен сырласу», «Қимаймын сені», «Өмірге құштарлық» және басқа да поэзиялық кітаптары оқырман жүрегінен орын алды. Сонымен қатар ол орыс ақыны Александр Твардовскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударып, ұлттық аударма өнерінің дамуына зор үлес қосты.
Нұртас Ибрагимұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды құжаттар Алматы қаласы Мемлекеттік архивінде сақтаулы және ұлттық рухани мұрамыздың ажырамас бөлігі болып табылады.
Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа, иманы саламат болсын.
Алматы қаласы Мемлекеттік архивінің ұжымы