Yrgyz. Ku aaaaa

Yrgyz. Ku aaaaa Ырғыз

12/02/2025
Ұлттық басылым күні атап өтілді...Қазақстанда 2023 жылдан бастап 2 ақпан – Ұлттық басылым күні болып бекітілді. Бұл - ос...
31/01/2025

Ұлттық басылым күні атап өтілді...

Қазақстанда 2023 жылдан бастап 2 ақпан – Ұлттық басылым күні болып бекітілді. Бұл - осыдан 112 жыл бұрын бастауында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялылары тұрған “Қазақ” газетінің алғашқы саны жарық көрген күн.
Жаңа кәсіби мерекенің мақсаты - халқымыздың біртуар перзенттері, Алаш арыстары шығарған бұл басылым сындарлы сәттерде ұлтты ұйыстырғанын айрықша дәріптеу, сөз бостандығында адалдығынан айнымаған басылымдар әрдайым шынайы ақпараттың және сапалы сараптаманың қайнар көзі болып қала бертіндігін насихаттау.
Атаулы күнге орай «АMANAT» партиясының Ырғыз аудандық филиалы, «Ырғыз» газеті редакциясы, аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымдарының ұйымдастыруымен рухани тәлімді шара өтті.
Шараға кәсіби журналистер, өлкетанушылар, кітапханашылар және мектеп мұғалімдері, оқушылар қатысты.
Мерекенің, басылым-баспасөздің маңызына тоқталған «АMANAT» партиясы Ырғыз аудандық филиалының атқарушы хатшысы Абат Баймұханов қатысушыларды құттықтады. Қазақстанның құрметті журналисі Рахымжан Өтеміс өткен өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, баспагерлердің өлшеусіз еңбегіне тоқталды. Өлкетанушы Серғали Қоблашов пен Ырғыз тарихи-өлкетану музейінің директоры Әлібек Таубатыров жастарды газет-журнал, кітап оқуға шақырды. Ырғыз гимназиясының оқушылары Бегімбай Нұрай, Амантай Ақбота журналистикаға қатысты ойларындағы сұрақтарына жауап алды. Кітапханашылар Гүлсима Алниязова, Гүлқуаныш Кенжеғұлова тілектерін айтып, ұсыныстарын жеткізді. Газет тілшілері Тұрсынбек Ақдәулетов, Руслан Ұзақбаев биыл «Ырғыз» газетінің 95 жылдығы аясында оқырманмен байланыс нығая түсетіндігін атап өтті.

Президент: «АMANAT» партиясының тәжірибесін ескерген жөн»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отыр...
28/01/2025

Президент: «АMANAT» партиясының тәжірибесін ескерген жөн»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Үкіметке «Әкімдер мектебі» оқыту жобасын іске қосуды тапсырып, осындай жұмысты жүргізіп жатқан «АMANAT» партиясының тәжірибесін ескерген жөн екенін жеткізді.

«Әкімдерді тікелей сайлаудың нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің жаңа санаты – сайланатын басшылар пайда болды. Бұл – екі жарым мыңнан астам басшы лауазымындағы қызметкер деген сөз. Олардың арасында бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген азаматтар, соның ішінде жастар көп. Сол себепті сайланған әкімдер мен түрлі деңгейдегі басшыларды кешенді дайындықтан өткізу мәселесі өте өзекті болып тұр. Үкіметке Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, «Әкімдер мектебі» оқыту жобасын іске қосуды тапсырамын. Бұл ретте осындай жұмысты жүргізіп жатқан «АMANAT» партиясының тәжірибесін ескерген жөн», – деді Президент.

Бүгін “AMANAT” партиясы Ырғыз аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Абат Баймұханов қоғамдық ...
16/01/2025

Бүгін “AMANAT” партиясы Ырғыз аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Абат Баймұханов қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

"AMANAT" партиясы Ырғыз аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Ырғыз аудандық мәслихатының депутаты ...
14/01/2025

"AMANAT" партиясы Ырғыз аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Ырғыз аудандық мәслихатының депутаты С.Сарсенов және Нұра ауылдық округінің әкімі А.Омаровтың қатысуымен Нұра ауылында жаңадан салынып жатқан Т.Жүргенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебімен "Бөбек" балабақшасының құрылысы жұмыстарына партиялық бақылау жүргізілді.
Т.Жүргенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің және "Бөбек" балабақшасының құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер «Қуанышбек» ЖШС-гі жүргізген. Жалпы жоба құны 536,0 млн.теңге.
Қазіргі таңда мектептің жылу жүйесі, электр тогы, су, кәріз жүйесі толық іске қосылған. Мектепте спорт зал, мектептің сырты қапталып, шағын футбол алаңы мен балабақшаның балалар ойын алаңы салынған.
Бақылау барысында жұмысы сапалы және уақытылы жүргізілуі қажет екендігі ескертілді. Нысанды қаңтар айының аяғына дейін толық аяқтап тапсыру жоспарланған.




Eрлан Кошанов
Павел Казанцев
Даурен Бижуманов

Address

Жангелдин 27
Aktobe
030400

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Yrgyz. Ku aaaaa posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share