Ақтөбе ішкі саясат басқармасы

Ақтөбе ішкі саясат басқармасы Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы
Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40
8 (7132) 56-26-69, 59-51-82

10/06/2026

🚔 10-14 маусым аралығында Ақтөбе облысында полиция көліктік прокуратура, көліктік бақылау инспекциясы және ҚазАвтоЖол қызметкерлерімен бірлесіп профилактикалық іс-шаралар өткізуде.

🔍 Рейд барысында мемлекеттік нөмірсіз, жалған немесе талапқа сай орнатылмаған нөмірмен жүрген көлік құралдары анықталып, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

🚗 Жүргізушілерден көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылап, мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің анық көрінуін қамтамасыз етуді және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.

✅ Жолдағы қауіпсіздік – ортақ міндет.

#Заңментәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП ЗАКОНиПОРЯДОК

10/06/2026

🛣️ «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автожолын жаңарту жұмыстары тоқтаусыз салынуда

🚧 Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстары жалғасып жатыр.

⚜️ Жоба Мемлекет басшысының елдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда.

Ұзындығы 262 шақырымды құрайтын жол учаскесі 7 құрылыс бөлігіне бөлінген.

📌 «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы директорының орынбасары Ринат Оразғалиевтің айтуынша, жолдың 763-791 шақырымында мердігер ұйым – «Ассана-Дорстрой» ЖШС мамандары жер жұмыстары, жол төсемін салу, сондай-ақ инженерлік коммуникацияларды қайта орналастыруға кіріскен.

🏗️ Жобаның бірінші кезеңі аясында негізгі жұмыстар аяқталды: 2 көпір мен 2 жол өткелі салынды, 35 су өткізу құбыры орнатылды, 4 мал өткелі жабдықталды, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар көшіріліп, қорғалды.

«Бұл жолға шамамен 20 жыл бойы күрделі жөндеу жүргізілген жоқ. Қазіргі таңда жолмен тәулігіне 12-15 мың көлік қатынайды, оның шамамен 70 пайызы – жеңіл автокөліктер. Жаз мезгілінде қозғалыс қарқындылығы тәулігіне 24 мың көлікке дейін артады. Реконструкция аяқталғаннан кейін жолдың өт�

♻️ Таза Қазақстан: Ақтөбеде күніне 10 тонна макулатура қайта өңделеді🌍 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау жә...
05/06/2026

♻️ Таза Қазақстан: Ақтөбеде күніне 10 тонна макулатура қайта өңделеді

🌍 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Экологтар күніне орай Ақтөбедегі «Lucrum Star» ЖШС қағазды қайта өңдеу зауытының жұмысы БАҚ өкілдеріне таныстырылды. Кәсіпорын екінші реттік шикізатты өңдеу арқылы өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға үлес қосып келеді.

🏭 Ақтөбе қаласының индустриялық аймағында орналасқан зауытта бүгінде 86 адам еңбек етеді. Кәсіпорынның сату бөлімінің қызметкері Наталья Корчагинаның айтуынша, мұнда тәулігіне 10 тоннаға дейін макулатура қайта өңделеді.

«Көпшілікке таныс «Ромашка», «ГОСТ 90», «Семейная», «Proma» маркалы дәретхана қағаздары біздің кәсіпорында шығарылады. Зауытқа жеткізілген макулатура алдымен сұрыпталып, арнайы құрылғылардың көмегімен залалсыздандырылады. Кейін шикізат жұмсартылып, өңдеуден өткізіледі. Нәтижесінде дайын гигиеналық қағаз өнімдері үлкен орамдарға айналып, автоматты желіде қапталып, таңбаланады»,
– дейді ол.

📌 «Lucrum Star» ЖШС 2022 жылдан бері Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жұмыс істейді. Қазіргі таңда кәсіпорында өндірілген гигиеналық қағаз өнімдері Батыс Қазақстан өңірлерімен қатар еліміздің оңтүстік аймақтарына да жөнелтіледі.

📄 Зауыт өңір тұрғындары мен кәсіпорындардан макулатура сатып алып, оны қайта өңдеу арқылы қалдық көлемін азайтуға және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға ықпал етіп отыр. Өндіріс үшін күн сайын шамамен 10 тонна қағаз қалдығы қажет.

🌱 Мамандардың айтуынша, қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеу – табиғатты қорғаудың және «Таза Қазақстан» бастамасын қолдаудың маңызды тетіктерінің бірі.

#ТазаҚазақстан

05/06/2026

📢 Балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Әліби Латыптың үндеуі

🔵 Құрметті ата-аналар!

Жазғы каникулда балалардың бос уақыты көп, демек олардың қауіпсіздігі үшін ересектердің жауапкершілігі де арта түседі.

Өкінішке орай, жаз мезгілінде балалардың суға кетуі, жол апатына ұшырауы, терезеден құлауы сияқты оқиғалар жиілейді. Көбіне мұндай жағдайлар ересектердің бақылауының жеткіліксіздігі және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болады.

📌 Сондықтан ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау өте маңызды. Әсіресе кешкі және түнгі уақытта балалардың ересектердің сүйемелдеуінсіз жүруіне жол бермеңіз.

🚦 Балаларыңыздың назарына жолдағы қауіпсіздік ережелерін үнемі еске салып отырыңыз. Жалғыз шомылуға болмайтынын, тек арнайы рұқсат етілген және құтқарушылар бақылауға алған жерлерде ғана суға түсу керектігін түсіндіріңіз.

🌐 Интернет қауіпсіздігін де ұмытпаңыз. Балалардың кіммен сөйлесіп жүргенін, қандай сайттарға кіретінін бақылап, бейтаныс адамдарға жеке мәлімет бермеу керектігін ескертіңіз.

❗️ Терезелердегі маскит торы қауіпсіздік құралы емес, арнайы құлыптар орнатыңыз.

📌 Баланың қауіпсіздігі – ең алдымен ата-ананың жауапкершілігі. Жазғы демалы

🇰🇿 Облыс әкімі Асхат Шахаров Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтауы ⤵️Құрметті ақтөбеліктер! ...
04/06/2026

🇰🇿 Облыс әкімі Асхат Шахаров Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтауы ⤵️

Құрметті ақтөбеліктер!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын!

Бүгін Астанада өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Елтаңба – елдігіміздің айшықты белгісі. Әнұран – азаттығымыздың айбынды үні. Көк Туымыз – Тәуелсіздік тұмары. Төбемізге көтеріп, қадір тұтатын осы үш рәмізді мемлекеттігіміздің мызғымас үштағаны десек, артық болмайды», – деп атап өтті.

Бабаларымыздың бірлік пен татулықты ту еткен жолын жалғастырып, бүгінде Қазақстан тұрақты дамудың даңғыл жолымен алға қадам басып келеді. Осы жолда мемлекеттік рәміздерімізге деген құрмет әр азаматтың елге деген сүйіспеншілігін, туған жер алдындағы жауапкершілігін танытады.

Өскелең ұрпақтың бойына отаншылдық қасиетті сіңіріп, мемлекеттік нышандарымызды қадірлеу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Бүгінде Қазақстанның көк Туы әлемнің ең биік мінберлерінде желбіреп, Әнұраны асқақ шырқалып келеді. Олимпиада мен әлем чемпионаттарында, ғылым мен білімде, мәдениет пен өнерде, еңбек пен кәсіпте жетістікке жеткен азаматтарымыз ел мерейін үстем етіп жүр.

Олардың қатарында ақтөбелік жерлестеріміз де халықаралық ареналарда жеңіс тұғырынан көрініп, ғылым мен өндірісте, кәсіпкерлік пен қоғамдық қызметте табысқа жетіп, туған өлкеміздің ғана емес, тұтас Қазақстанның абыройын асқақтатуда. Лайым солай болғай!

Көк байрақ астында біріккен халқымыздың ынтымағы нығайып, Қазақстанның жарқын болашағын бірге қалыптастыра берейік. Ел аман, жұрт тыныш болсын!

Мереке құтты болсын!🇰🇿

04/06/2026

🇰🇿 Ақтөбеде 10 мың адам бір мезетте Мемлекеттік Әнұранды орындады

⚜️ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ақтөбе облысында кең ауқымды патриоттық акция өтті. Өңірдегі кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, бюджеттік ұйымдар, жастар ұйымдары, волонтерлар мен құқыққорғау органдарының өкілдері бір мезетте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады.

🎯 Ауқымды шараға барлығы 10 мыңнан астам адам қатысып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін білдірді. Акцияның басты мақсаты – елдік құндылықтарды дәріптеу, азаматтардың отансүйгіштік рухын нығайту және мемлекеттік рәміздердің мәртебесін арттыру.

📌 Мерекеге орай «Қазақойл Ақтөбе» АҚ бас директорының бірінші орынбасары м.а. Асхат Өтегенов қатысушыларды құттықтап, мемлекеттік рәміздердің ел бірлігі мен тәуелсіздігінің маңызды нышаны екенін атап өтті.

💬 «Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың тарихын, мәдениетін және тәуелсіздігін айшықтайтын қастерлі құндылықтар. Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз әрбір қазақстандықтың жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатып, елге деген сүйіспеншілікті нығайтады. Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы бол�

04/06/2026

🇰🇿 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні

#РәміздерРухы #КонституцияныңКүші #РәмізгеҚұрмет

♟️Ақтөбеде «Владимир Дворкович мемориалы – Aktobe Open 2026» халықаралық шахмат фестивалі басталдыХалықаралық жарыс өңір...
03/06/2026

♟️Ақтөбеде «Владимир Дворкович мемориалы – Aktobe Open 2026» халықаралық шахмат фестивалі басталды

Халықаралық жарыс өңірде 2019 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді, ол - Қазақстан Кубогі кезеңдерінің және еліміздегі ең беделді шахмат додаларының бірі.

🔷️ Ақтөбеде дәстүрлі «Владимир Дворкович мемориалы – Aktobe Open 2026» халықаралық шахмат фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Ауқымды шараны Ақтөбе облысы әкімдігі, FIDE, ҚР Туризм және спорт министрлігі және Қазақстан шахмат федерациясының ұйымдастырып отыр.

⚜️ Байрақты бәсекенің ашылу рәсіміне Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қатысып, спортшылар мен қонақтарды құттықтады.

Биылғы фестивальге әлемнің 21 елінен – Армения, Әзербайжан, Болгария, Қытай, Хорватия, Англия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Норвегия, Румыния, Ресей, Словения, Сербия, Швеция, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Украина және АҚШ-тан 210 қатысушы жиналды. Олардың арасында 25 халықаралық гроссмейстер (GM) және әйелдер арасындағы 1 халықаралық гроссмейстер (WGM) бар.

♟️Фестиваль аясында Masters және Open турнирлері өтеді. 2400 және одан жоғары 81 шахматшы қатысатын Masters турнирінің жүлде қоры 90 мың АҚШ доллары және ол FIDE Circuit 2026–2027 халықаралық жарыстар жүйесіне енгізілген.

♟️ Ал рейтингі 2400-ге дейінгі 129 ойыншы сынға түсетін Open турнирінің жүлде қоры – 10 мың АҚШ доллары. Екі турнир де швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады.

🔹 Халықаралық спорт додасы 11 маусымға дейін жалғасады.

Address

Aktobe

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

+77711708047

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Ақтөбе ішкі саясат басқармасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Ақтөбе ішкі саясат басқармасы:

Shortcuts

Share