Amanat партиясы Актөбе облыстық филиалы

Amanat партиясы Актөбе облыстық филиалы «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының ресми парақшасы

04/06/2026

Достар! 🇰🇿

Баршаңызды 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Елтаңба, Әнұран және Көк байрақ – егемен еліміздің ең қастерлі нышандары, ең киелі құндылықтары. Азаттықтың алтын таңы атқан тұста өз алдына отау тіккен Отанымыздың бірден-бір белгісі – осы үш рәмізіміз еді. Ел азаматтарына рухани күш-жігер беріп, патриоттық сезім сыйлаған, халқымыздың қажыр-қайратын шыңдаған қастерлі күн әр шаңыраққа шаттығын ала келсін.

Еліміздің беделі биік, мерейі үстем болсын!

03/06/2026

🔈«AMANAT» партиясынан сайланған Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары Германияға жұмыс сапарымен барып, тұрғындарға көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын жақсарту бағытындағы озық тәжірибелермен танысқан болатын. Бұл бастамаларды өңірде іске асыру мүмкіндіктері «AMANAT» партиясының алаңында талқыланып, жергілікті жағдайға бейімдеу жолдары қарастырылуда.

♦️Сапар барысында делегация көппәтерлі тұрғын үйлерді кешенді жаңғырту, энергия үнемдеу технологияларын енгізу, тұрғын үй секторын басқарудың заманауи тәсілдері, құрылыс саласы мамандарын даярлау және тұрғындарға қызмет көрсетудің тиімді модельдерімен танысты. Оның ішінде ерекше қызығушылық тудырған бағыттардың бірі – тұрғын үй иелеріне кеңес беру, қаржыландыруды ұйымдастыру және жобаларды сүйемелдеу қызметтерін бір орталықтан жүзеге асыратын «One-Stop-Shop» жүйесі болды.

🔹Бұл тәжірибе көппәтерлі тұрғын үй секторындағы мәселелерді кешенді түрде шешуге, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, сондай-ақ ОСИ мен КСК институттарының тиімділігін күшейтуге бағытталған «TURGYNDAR AMANATY» жобасын іске асыруға серпін бермек. Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын одан әрі дамытуға серпін береді деп күтілуде

https://aqtobegazeti.kz/?p=182217
03/06/2026

https://aqtobegazeti.kz/?p=182217

Ақтөбе облысында «Amanat» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында қолға алынған бастамалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бағдарлам....

https://avestnik.kz/realnye-dostizheniya-vo-blago-naseleniya/
03/06/2026

https://avestnik.kz/realnye-dostizheniya-vo-blago-naseleniya/

Предвыборная программа партии «Amanat» «Вместе с народом!» воплощается в жизнь конкретными проектами, направленными на социально-экономическое развитие региона и п....

https://aqtobegazeti.kz/?p=182071
02/06/2026

https://aqtobegazeti.kz/?p=182071

Ақтөбе облысында көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік желілерін жаңарту, аулаларды абаттандыру және МИБ пен ПИК жұмысының тиімділігін арттыру бағытындағы жұмы....

02/06/2026

📊 «AMANAT» САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ЖҮЙЕЛІ ІСКЕ АСУДА

«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасы аясында Ақтөбе облысында нақты нәтижелерге қол жеткізілуде. Соңғы үш жылда өңірде 18 инвестициялық жоба іске қосылып, 2 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Білім, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салаларында ондаған жаңа нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар халықтың 99 пайызы ауыз сумен, 97 пайызы табиғи газбен қамтылды.

«Жер аманаты» және «Ауыл аманаты» жобалары да өз тиімділігін көрсетіп, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беруде.

Address

Улица Тургенева 86
Aktobe
030000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Telephone

+77132545195

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Amanat партиясы Актөбе облыстық филиалы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Amanat партиясы Актөбе облыстық филиалы:

Share