03/06/2026
♟️ Ақтөбеде «Владимир Дворкович мемориалы – Aktobe Open 2026» халықаралық шахмат фестивалі басталды
🌍 Халықаралық жарыс өңірде 2019 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді, ол - Қазақстан Кубогы кезеңдерінің және еліміздегі ең беделді шахмат додаларының бірі.
Ақтөбеде дәстүрлі «Владимир Дворкович мемориалы – Aktobe Open 2026» халықаралық шахмат фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Ауқымды шараны Ақтөбе облысы әкімдігі, FIDE, ҚР Туризм және спорт министрлігі және Қазақстан шахмат федерациясының ұйымдастырып отыр.
⚜️ Байрақты бәсекенің ашылу рәсіміне Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қатысып, спортшылар мен қонақтарды құттықтады.
🌎 Биылғы фестивальге әлемнің 21 елінен – Армения, Әзербайжан, Болгария, Қытай, Хорватия, Англия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Норвегия, Румыния, Ресей, Словения, Сербия, Швеция, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Украина және АҚШ-тан 210 қатысушы жиналды. Олардың арасында 25 халықаралық гроссмейстер (GM) және әйелдер арасындағы 1 халықаралық гроссмейстер (WGM) бар.
«Ақтөбе өңірі үшін мұндай деңгейдегі халықаралық жарысты қабылдау – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Биыл фестивальге әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар қатысып отыр. Қатысушылар құрамының жылдан-жылға күшеюі турнирдің халықаралық беделінің артып келе жатқанын көрсетеді. Мемлекет басшысы интеллектуалды спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Шахмат – жастарды білімге, тәртіпке және табандылыққа тәрбиелейтін маңызды спорт түрі. Сондықтан біз бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да қолдай береміз», – деді Асхат Шахаров.
✨ Аймақ басшысы сондай-ақ турнирдің Владимир Дворковичтің есімімен аталуында ерекше мән бар екенін атап өтті. Кезінде еңбек жолын Ақтөбеде бастаған көрнекті халықаралық арбитрдің мұрасын дәріптеу - шахматтағы дәстүр мен сабақтастықтың жарқын көрінісі.
«Бұл турнирдің мен үшін орны бөлек. Әкем шахматқа бүкіл өмірін арнады. Ол төреші, ұйымдастырушы және осы ойынға шын ғашық жан болды. Жыл сайын деңгейі артып, мықты ойыншыларды жинап жатқан доданың оның есімімен аталуы, әкемнің аруағына деген ең үлкен құрмет. Ойыншылар тізіміне қарап, турнирдің ауқымы өсіп келе жатқанын көруге болады. Жарыстың жылдан-жылға беделі артып жатқаны қуантады. Бұл – шахматшылардың осы жерге келгісі келетінінің айқын белгісі. Бүгінде Қазақстан шахматтың даму қарқыны бойынша әлемдік көшбасшылардың біріне айналды. Мұнда инфрақұрылым салынып, жоғары деңгейдегі турнирлер өтіп жатыр, жас ойыншылар тәрбиеленуде. Бұл құр сөз емес – бұл көпжылдық жүйелі жұмыстың жемісі және Aktobe Open соның айқын көрінісі», - деді ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович.
♜ Фестиваль аясында Masters және Open турнирлері өтеді. 2400 және одан жоғары 81 шахматшы қатысатын Masters турнирінің жүлде қоры 90 мың АҚШ доллары және ол FIDE Circuit 2026–2027 халықаралық жарыстар жүйесіне енгізілген. Ал рейтингі 2400-ге дейінгі 129 ойыншы сынға түсетін Open турнирінің жүлде қоры – 10 мың АҚШ доллары. Екі турнир де швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады.
📅 Халықаралық спорт додасы 11 маусымға дейін жалғасады
———
♟️ В Актобе стартовал международный шахматный фестиваль «Мемориал Владимира Дворковича – Aktobe Open 2026»
🌍 Международный турнир проводится в регионе на постоянной основе с 2019 года и является одним из этапов Кубка Казахстана, а также одним из самых престижных шахматных соревнований страны.
В Актобе состоялась торжественная церемония открытия традиционного международного шахматного фестиваля «Мемориал Владимира Дворковича – Aktobe Open 2026». Организаторами масштабного мероприятия выступили акимат Актюбинской области, FIDE, Министерство туризма и спорта Республики Казахстан и Казахстанская федерация шахмат.
⚜️ В церемонии открытия принял участие аким Актюбинской области Асхат Шахаров, который поздравил спортсменов и гостей турнира.
🌎 В этом году фестиваль собрал 210 участников из 21 страны мира: Армении, Азербайджана, Болгарии, Китая, Хорватии, Англии, Индии, Ирана, Казахстана, Кыргызстана, Норвегии, Румынии, России, Словении, Сербии, Швеции, Таджикистана, Туркменистана, Турции, Украины и США. Среди них 25 международных гроссмейстеров (GM) и одна женщина-гроссмейстер (WGM).
«Для Актюбинской области принимать соревнования такого уровня большая честь и высокая ответственность. В этом году фестиваль собрал спортсменов из разных стран мира. Усиление состава участников из года в год свидетельствует о растущем международном авторитете турнира. Глава государства уделяет особое внимание развитию интеллектуальных видов спорта. Шахматы – это важный инструмент воспитания молодежи, который формирует знания, дисциплину и целеустремленность. Поэтому мы и в дальнейшем будем поддерживать развитие этого направления», - отметил Асхат Шахаров.
✨ Глава региона также подчеркнул особую значимость того, что турнир носит имя Владимира Дворковича. По его словам, сохранение памяти о выдающемся международном арбитре, начавшем свою трудовую деятельность в Актобе, является ярким примером преемственности традиций и уважения к истории шахматного движения.
«Для меня этот турнир особенный. Мой отец посвятил шахматам всю жизнь - как арбитр, как организатор, как человек, влюблённый в эту игру. То, что его имя живёт в названии соревнования, которое год за годом собирает всё более сильных игроков, - лучшая память о нём, какую только можно представить. Смотрю на стартовый список - и вижу, как турнир растёт. Приятно, когда соревнование становится сильнее с каждым годом. Значит, люди хотят сюда приезжать. Казахстан сегодня - один из мировых лидеров по динамике развития шахмат. Здесь строят инфраструктуру, проводят турниры высокого класса, воспитывают молодых игроков. Это не слова - это результат многолетней системной работы, и Aktobe Open наглядно её отражает», - президент ФИДЕ Аркадий Дворкович.
♜ В рамках фестиваля проходят турниры Masters и Open. Призовой фонд турнира Masters, в котором участвует 81 шахматист с рейтингом 2400 и выше, составляет 90 тысяч долларов США. Кроме того, турнир включен в международную систему соревнований FIDE Circuit 2026–2027.
📌 В турнире Open принимают участие 129 шахматистов с рейтингом до 2400. Его призовой фонд составляет 10 тысяч долларов США.
📋 Оба турнира проводятся по швейцарской системе в 9 туров.
📅 Международный шахматный фестиваль продлится до 11 июня