08/07/2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мақсатында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптары мен Әдеп кодексі нормалары бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараға «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ әдеп жөніндегі уәкілі Р.М. Омарова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Р.С. Шөмекеева және мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Семинар-кеңес барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормалары, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері талқыланды.
Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілерге белгіленген шектеулер мен тыйымдарды орындау, еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау, жұмыс уақыты регламентін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау, іскерлік киім үлгісін ұстану, қоғамдық орындардағы мінез-құлық мәдениеті, қызметтік қарым-қатынастағы әдеп қағидаттары, сондай-ақ қызметтік қатынастардағы қудалау (харассмент) фактілерінің алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Іс-шара барысында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, іс жүргізу тәртібін сақтау, қызметтік құжаттарды дұрыс рәсімдеу және жою, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына қатысты заңнамалық шектеулер туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманың негізгі бағыттары қарастырылды.
Семинар-кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, мемлекеттік қызмет саласындағы белгіленген нормалар мен шектеулерді, Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтау, қызметтік міндеттерді орындау барысында жоғары жауапкершілік пен кәсіби мәдениетті қамтамасыз ету жөнінде тиісті ұсынымдар берілді.
___________________________
В целях повышения правовой грамотности государственных служащих и соблюдения норм служебной этики проведен семинар-совещание по вопросам требований законодательства в сфере государственной службы и норм Этического кодекса государственных служащих Республики Казахстан.
В мероприятии приняли участие уполномоченный по этике ГУ «Аппарат акима Актюбинской области» Омарова Р.М, представитель Департамента Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Актюбинской области Шумекеева Р.С. и государственные служащие.
В ходе семинар-совещания рассмотрены вопросы соблюдения норм Закона Республики Казахстан «О государственной службе Республики Казахстан», требований Этического кодекса государственных служащих, а также основные направления государственной политики в сфере укрепления служебной этики и повышения ответственности государственных служащих.
Особое внимание уделено вопросам профилактики коррупционных правонарушений, соблюдения установленных ограничений и запретов для государственных служащих, трудовой и исполнительской дисциплины, соблюдения регламента рабочего времени, требований к деловому стилю и поведению в общественных местах.
Также участникам разъяснены вопросы предупреждения и пресечения случаев харассмента в служебных отношениях, обеспечения информационной безопасности, соблюдения правил делопроизводства, а также требования законодательства в части участия в азартных играх.
В рамках мероприятия рассмотрены основные направления Концепции по продвижению в обществе идеологии закона и порядка на 2025-2030 годы.
По итогам встречи государственным служащим рекомендовано неукоснительно соблюдать требования антикоррупционного законодательства, нормы Этического кодекса, требования законодательства о государственной службе и обеспечивать высокий уровень профессиональной культуры и ответственности при исполнении должностных обязанностей.
#Заңментәртіп #МемлекеттікҚызмет