02/06/2026
⚜️Ақтөбе облысында алғаш рет жас шабандоздарға арналған бірегей «Шабандоз» лагері ашылды
Биыл жазда Ақтөбе облысында жаңа білім беру жобасы бастау алды. Қобда ауданындағы «Әлия» жазғы сауықтыру лагерінің базасында алғаш рет «Шабандоз» бейіндік лагері өз жұмысын бастады.
🐴 Лагерь қатысушылары қазақ халқының бай мәдени мұрасымен және жылқы шаруашылығының дәстүрлерімен танысады. Балаларға жылқыны күту, қауіпсіз атқа міну дағдылары, сондай-ақ ұлттық ат спорты түрлерінің элементтері бойынша арнайы сабақтар ұйымдастырылады.
🐎Жоба балалардың жауапкершілігін, тәртібін, ұлттық құндылықтарға деген құрметін және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. «Шабандоз» лагері жазғы демалысты пайдалы біліммен, тәжірибелік машықтармен және жарқын әсерлермен ұштастыратын ерекше алаңға айналмақ.
👧👦📚 Биылғы жазғы сауықтыру науқаны аясында Ақтөбе облысының 1–10 сыныптарында білім алатын 178 095 оқушының 100 пайызы түрлі демалыс және жұмыспен қамту шараларымен қамтылады.