02/06/2026
▪️Сотпен мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға жұмсалған шығындар өндірілді
▪️Ақтөбе облысының Мәртөк аудандық сотында АҚ жауапкер Р.-ға мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға жұмсалған шығындарды және тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
▪️Сотпен анықталғандай, жауапкер мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған, осыған байланысты оған алған мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс істеу міндеті жүктелген.
▪️Оқуын аяқтағаннан кейін жауапкер уәкілетті комиссияның жолдамасына сәйкес ауылдық жерге жұмысқа жіберілген. Алайда, еңбек өтеу міндеттемесі толық көлемде орындалмаған.
▪️Жауапкер міндеттемені орындауға кедергі келтірген мән-жайларға сілтеме жасағанымен, аталған уәждер тиісті дәлелдемелермен расталмаған және оны міндеттемеден босатпайды.
▪️Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтар белгіленген мерзімді өтеуге міндетті. Аталған Заңның 26-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бұл міндет орындалмаған жағдайда оқыған тұлға мемлекет жұмсаған шығындарды өтеуге міндетті.
▪️Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 295 және 298-баптарына сәйкес, тұрақсыздық айыбы жауапкершілік шарасы болып табылады және заңда немесе шартта көзделген негіздер болған кезде өндіріп алынады.
▪️Сонымен қатар, сот тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талапты негізсіз деп таныды, себебі оны есептеу негіздері дәлелденбеген және ол мөлшерлес емес.
▪️Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылып, жауапкерден оқуға жұмсалған шығындар өндірілді.
▪️Сот актісіне шағым келтірілмеген, заңды күшіне енді.
🖋️Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
▪️Судом возмещены расходы за обучение на основе государственного
образовательного заказа
▪️Мартукским районным судом Актюбинской области
рассмотрено гражданское дело по иску АО к ответчику Р. о взыскании суммы расходов за обучение на основе государственногообразовательного заказа и неустойки.
▪️Судом установлено, что ответчик обучался на основе государственного образовательного заказа, в связи с чем на него возложена обязанность по отработке не менее трёх лет по полученной специальности.
▪️После завершения обучения ответчик был направлен на работу в сельскую местность в соответствии с распределением уполномоченной комиссии. Однако обязательство по отработке исполнено не в полном объёме.
▪️Ответчик ссылается на обстоятельства, препятствующие исполнению обязательства, однако указанные доводы не подтверждены надлежащими доказательствами и не освобождают его от исполнения обязательств.
В соответствии с пунктом 17 статьи 47 Закона Республики Казахстан «Об образовании» граждане, обучившиеся за счёт государственного образовательного заказа, обязаны отработать установленный срок. Согласно подпункту 3) пункта3 статьи 26 указанного Закона в случае неисполнения данной обязанности обучившийся обязан возместить расходы, понесённые государством.
▪️Согласно требованиям статей 295 и 298 Гражданского кодекса Республики Казахстаннеустойка является мерой ответственности и подлежит взысканию при наличии предусмотренных законом или договором оснований.
▪️Между тем, судом сделаны выыодф о необоснованности требования о взыскании неустойки, поскольку основания ее начисления не подтверждены нашло подтверждения и является несоразмерным.
▪️Решением суда исковые требования удовлетворены частично, с ответчика взысканы расходы на обучение.
▪️Судебный акт не обжалован, вступил в законную силу.
🖋️Пресс-служба Актюбинского областного суда