29/05/2026
📌 Мемлекеттік қызметке іріктеудің онлайн жүйесі бойынша семинар өткізілді
✅ Бүгін мемлекеттік қызметке қабылдау жүйесіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың, мәслихаттардың, тексеру комиссиясы мен орталық атқарушы органдардың аумақтық департаменттерінің персоналды басқару қызметі мамандарына арналған семинар ұйымдастырылды.
✅ Семинар барысында облыстық персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің өкілі Ақерке Боранқұлова әріптестеріне «Е-қызмет» жүйесіндегі бос лауазымдарға жалпы конкурс жариялау тәртібі мен конкурс кезеңдері туралы жан-жақты ақпарат берді.
✅ Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар ұсынылды.