Морская администрация портов Республики Казахстан

  • Home
  • Kazakhstan
  • Aktau
  • Морская администрация портов Республики Казахстан

Морская администрация портов Республики Казахстан Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Морская администрация портов Республики Казахстан, Government Building, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Өндірістік аймақ, Северный терминал 7, 7/2, Aktau.

Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күнін мерекелеуге арналған салтанатты шараны ұйымдастыру жөніндегі кеңес2025 жыл...
12/06/2025

Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күнін мерекелеуге арналған салтанатты шараны ұйымдастыру жөніндегі кеңес

2025 жылғы 5 маусымда Көлік Министрлігінің Темір жол және су көлігі комитетінің төрағасы Ж. Тайжановтың төрағалығымен өткен “Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күнін мерекелеу жөніндегі” кеңестің хаттамасын орындау мақсатында, бүгін Теңіз әкімшілігі кеме және айлақ иелері компанияларының өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңес барысында салтанатты шараны өткізу жоспары талқыланды. Жиынға қатысушылар мерекелік бағдарламаның мазмұны, ұйымдастыру іс-шаралары, қауіпсіздік пен логистика мәселелерін қарастырды. Сонымен қатар, сала ардагерлерін марапаттау, қызметкерлерді ынталандыру, мәдени және спорттық іс-шаралар өткізу ұсынылды.

Теңіз әкімшілігі аталған мерекенің кәсіби мерекелер қатарындағы маңыздылығын атап өтіп, оны жоғары деңгейде ұйымдастыруға күш салатынын жеткізді.

⚓️⚓️⚓️

Обсуждение плана проведения торжественного мероприятия, посвящённого Дню работников морского и речного транспорта

В целях исполнения протокольных поручений, данных на совещании под председательством Председателя Комитета по железнодорожному и водному транспорту Министерства транспорта Ж. Тайжанова, состоявшемся 5 июня 2025 года, сегодня Морская администрация провела рабочее совещание с участием представителей судоходных и портовых компаний.

В ходе совещания был обсуждён план проведения торжественного мероприятия, приуроченного ко Дню работников морского и речного транспорта. Участники встречи рассмотрели содержание праздничной программы, организационные вопросы, вопросы логистики и обеспечения безопасности. Также были предложены инициативы по награждению ветеранов отрасли, поощрению сотрудников, проведению культурных и спортивных мероприятий.

Морская администрация отметила значимость профессионального праздника и выразила готовность провести его на высоком организационном уровне.

Қазақстанда кемені қалай тіркеуге болады: Барлық қажетті ақпарат!🌊 Сіз кеменің иесі болсаңыз? Оны заңды түрде және шекте...
12/12/2024

Қазақстанда кемені қалай тіркеуге болады: Барлық қажетті ақпарат!

🌊 Сіз кеменің иесі болсаңыз? Оны заңды түрде және шектеусіз пайдалану үшін тіркеуді қалайсыз ба?
Қазақстанда кемені тіркеу — тек формальды рәсім емес. Бұл сіздің заңды түрде пайдалану құқығыңыз, меншік құқығыңызды қорғау және халықаралық мойындалуға жол ашу!

Кемені тіркеу үшін не істеу керек?

🔹 Қажетті құжаттарды жинаңыз:
• Меншік құқығын растайтын құжат.
• Халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайтын сертификаттар мен куәліктер.
• Тіркеу туралы өтініш.

🔹 Құжаттар талаптары:
• Барлық құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде болуы тиіс.
• Егер құжаттар шетелден болса, олар заңдастырудан немесе апостильденуден өтуі керек, сонымен қатар нотариалды куәландырылған аударма болуы қажет.
• Құжаттар оқылуы тиіс, заңды тұлғалардың атаулары толық, қысқартусыз жазылуы керек.
• Құжаттарда өшірулер, түзетулер, сызбалар немесе басқа да өзгерістер болмауы тиіс.

🔹 Өтінішті беріңіз.
Өтініш электронды үкімет порталы www.egov.kz арқылы беріледі.

🔹 Мемлекеттік бажды төлеңіз.
Оны eGov жүйесі немесе банк арқылы онлайн төлеуге болады.

🔹 Куәлік алыңыз.
Өтініш бергеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде кемеңіз Мемлекеттік кеме реестріне енгізіліп, келесі құжаттарды аласыз:
• Меншік куәлігі.
• Қазақстан Республикасы туы астында жүзуге құқық.

Неліктен бұл маңызды?

✅ Заңдылық. Сіздің кемеңіз ресми тіркеліп, заңмен қорғалады.
✅ Қазақстан туы. Ұлттық ту астында жүзу мүмкіндігі.
✅ Халықаралық бағыттар. Халықаралық стандарттарға сәйкестік шекарадан тыс жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Біз сізге әр қадамда көмектесеміз!

🚢 Вебинарлар мен консультациялар. Тіркеудің барлық нюанстарын біліңіз.
📱 Әлеуметтік желілерде талқылаулар. Біз сұрақтарыңызға түсініктемелерде жауап береміз.
🤝 Ынтымақтастық жобалары. Facebook, Instagram және Telegram-да пайдалы мақалалар мен нұсқаулықтар.

📩 Әлі де сұрақтарыңыз бар ма? Пікір қалдырыңыз немесе теңіз әкімшілігіне хабарласыңыз.

🌟 Осы постты достарыңыз бен әріптестеріңізбен бөлісіңіз — оларға кемелерін заңды түрде тіркеуге көмектесіңіз! 🌏

Бүгін Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігінің Құрық порты бойынша жауапты бас маманы -  Айбек Асылбекұлы ...
03/07/2024

Бүгін Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігінің Құрық порты бойынша жауапты бас маманы - Айбек Асылбекұлы Галламов Қазақстан Республикасының дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі мен мінсіз қызметі үшін «Мемлекеттік қызметші күні» мерекесіне орай Министр Марат Кәрімжанұлы Қарабаев атынан Құрмет грамотасымен марапатталады!

Бүгін Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігінің бас маманы -  Айбек Асылбекұлы Галламов  Қазақстан Республи...
03/07/2024

Бүгін Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігінің бас маманы - Айбек Асылбекұлы Галламов Қазақстан Республикасының дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі мен мінсіз қызметі үшін «Мемлекеттік қызметші күні» мерекесіне орай Министр Марат Кәрімжанұлы Қарабаев атынан Құрметті грамотасымен марапатталады!

14/06/2024
«Бизнеске жол» кәсіпкерлерді қорғау жобасы туралы ақпарат.Құрметті кәсіпкер!Егер, Сізге, мемлекеттік немесе квазимемлеке...
02/03/2023

«Бизнеске жол» кәсіпкерлерді қорғау жобасы туралы ақпарат.

Құрметті кәсіпкер!

Егер, Сізге, мемлекеттік немесе квазимемлекеттік орган (монополист) тарапынан:
жерді жалға алу мерзімін ұзартудан негізсіз бас тартылса;
жердің нысаналы мақсатын өзгертуден негізсіз бас тартылса;
су, электр жарығы, газ және жылуға қосылу үшін техникалық шартты беруден бас тартылса;
келісім-шарттар бойынша көрсетілген қызметтер (жұмыс, тауар) үшін төлемдер уақытында төленбесе;
мемлекеттік сатып алу келісім-шартына қол қоюдан негізсіз бас тартылса;
салық органымен есеп-шотыңызға негізсіз ауыртпалық салынса;
кәсіпкерлігіңіз заңсыз тексерілсе және тағы басқа кедергілерге (бұзушылықтарға) тап болсаңыз,
Бізге 8 (7292) 31-91-10 телефон номеріне немесе 1424 Call-орталығына хабарлаңыз.

Проект защиты предпринимателей «Дорога бизнесу»

Уважаемый предприниматель!

Если Вам, со стороны государственного или квазигосударственного органа (монополиста):
необоснованно отказано в продлении срока аренды земельного участка;
необоснованно отказано в изменении целевого назначения земельного участка;
необоснованно отказано в выдаче технических условий по подключению к воде, газопроводу, тепло и электроэнергии;
несвоевременно оплачены платежи за услуги (работы, товары), оказанные по договорам;
необоснованно отказано в подписании договора государственных закупок;
на ваш счет налоговыми органами наложено необоснованное обременение;
вашу предпринимательскую деятельность подвергли необоснованной проверке или вы столкнулись с другими препятствиями (нарушениями),

сообщите Нам по номеру телефона 8 (7292) 31-91-10 или в Call-центр 1424.

Құрметті әріптестер!Сіздерді еліміздің әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймыз!Қазақстанның тұра...
25/10/2022

Құрметті әріптестер!

Сіздерді еліміздің әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймыз!
Қазақстанның тұрақты дамуы мен өркендеуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Құрметпен, Қазақстан Республикасының порттарының теңіз әкімшілігі.

Бүгін, Қазақстан Республикасының порттарының теңіз әкімшілігі басшысы Нұрбол Аязханұлы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мере...
15/12/2021

Бүгін, Қазақстан Республикасының порттарының теңіз әкімшілігі басшысы Нұрбол Аязханұлы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында еліміздің айтулы мерекесімен барлық ұжымды құттықтады.
Сондай-ақ, Теңіз әкімшілігі "Теңіз біліктлік комиссиясының" тұрақты мүшелерін де назардан тыс қалдырмады. Ардагер теңізші, капитан Чудиков Виктор Иванович, аға көмекші Баянов Хали Темірболатұлы және аға механик Байнеке Мұратбек Айсаұлын еліміздің теңіз саласының дамуына қосқан үлесі үшін мекеме басшысы атынан Алғыс хатпен марапатталды. #морскаястолицаРК #тауелсиздиккуникуттыболсын

13/08/2021

«Барлық кеме иелеріне»

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 короновирусының пандемия деп жариялануына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, «Қазақстан Республикасының порттарының теңіз әкімшілігі» COVID – 19 эпидемиясының Маңғыстау облысында бұдан әрі таралуына жол бермеу мақсатында кәсіби диплом беру және шетелдік кәсіби дипломдарды тану бойынша (әңгімелесу) жұмыстары уақытша тоқтатылатынын хабарлаймыз. Кәсіби дипломдарды тану үшін өтініштеді қабылдау e-өтініш(egov) электронды порталы арқылы жүзеге асырылады.

Бүгін, Теңіз біліктілік комиссиясының кезекті отырысы өтті.      Бұл жолы электромеханик лауазымына және екінші механик ...
16/07/2021

Бүгін, Теңіз біліктілік комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Бұл жолы электромеханик лауазымына және екінші механик лауазымына екі үміткермен кәсіби диплом алу мақсатында комиссиямен әңгімелесу өтті.
Комиссия мүшелері ретінде үміткермен әңгімелесуге әдеттегідей білікті мамандар тартылды. Сондай-ақ, «Адалдық алаңы» жобалық кеңесінен үйлестіруші Шамшадинова Арайлым бақылаушы ретінде қатысты.
Жиын соңын теңіз біліктілік комиссиясының Төрағасы Асылбек Батырбайұлы қортындылап, үміткермен әңгімелесудің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барлық қатысушыларға алғысын білдірді.
Сонымен қатар, комиссияның оң шешімін алған үміткерлер кәсіби диплом иегерлері атанды.

Бүгін Қазақстан Республикасы Порттар теңіз әкімшілігінің басшысы Ерманов Нұрбол Аязханұлының туған күні.        Құрметті...
14/07/2021

Бүгін Қазақстан Республикасы Порттар теңіз әкімшілігінің басшысы Ерманов Нұрбол Аязханұлының туған күні.
Құрметті Нұрбол Аязханұлы, Сіз теңіз саласының тәжірибесі мол, біліктілігі жоғары, беделі зор мамандарының бірісіз.
Сапалы қызметіңіз бен ұтымды істеріңіз, аса қарапайым мінезіңіз бен байыптылығыңыз, азаматтық бітім - болмысыңыз да үлгі тұтарлық.
Сізге жүрер жолыңыздың ұзақ, алар асуларыңыздың биік, көрер қызықтарыңыздың мол болуын тілейміз!

Бүгін, Порттар теңіз әкімшілігінде теңізшіні дипломдау бойынша теңіз білікткілік комиссиясымен кезекті әңгімелесу өтті. ...
09/07/2021

Бүгін, Порттар теңіз әкімшілігінде теңізшіні дипломдау бойынша теңіз білікткілік комиссиясымен кезекті әңгімелесу өтті. Капитанның аға көмекшісі, капитанның вахталық көмекшісі және матрос лауазымдарына үміткерлерді дипломдау мақсатында комиссия мүшесі ретінде теңіз компанияларынан және теңізшілер қоғамынан білікті мамандар шақыртылды. Сондай-ақ,, «Адалдық алаңы» жобалық кеңесінен бақылаушы ретінде Шамшадинова Арайлым қатысты.
Әңгімелесу жоғары деңгейде өтіп, комиссия мүшелері жиын соңында шешімдерін айтып, теңіз біліктілік комиссиясының төрағасы Асылбек Батырбайұлы қортынды шағарды.
Сонымен қатар, елімізде әйел адамдар арасында ең алғашқы болып Қазақстан-Британ техникалық университетінің түлегі Сламбаева Аякөз Ғалымқызы капитанның вахталық көмекшісі лауазымына үміткер болып әңгімелесуге қатысты.

Address

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Өндірістік аймақ, Северный терминал 7, 7/2
Aktau
130000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

+77292290974

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Морская администрация портов Республики Казахстан posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Морская администрация портов Республики Казахстан:

Share