Academy of Public Administration under the President of Kazakhstan

Academy of Public Administration under the President of Kazakhstan Мемлекеттік аппаратқа маман даярлайтын ерекше статусы бар жалғыз жоғары оқу орны

17/09/2026

⚜️Академияда ҚХР Шынжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Мемлекеттік басқару академиясының делегациясымен кездесу өтті.

✅Кездесуге ШҰАА Мемлекеттік басқару академиясының бірінші проректоры Лю Баодун бастаған делегация қатысты. Сапар барысында делегация мүшелері халықаралық мамандарды даярлау бағдарламаларымен танысып, академиялық тәжірибе алмасу және екі Академия арасындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Сондай-ақ тараптар мемлекеттік қызметшілерді даярлау саласындағы тәжірибе алмасу, бірлескен білім беру бастамаларын іске асыру және алдағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары бойынша пікір алмасты.
———————-

⚜️A meeting with a delegation from the Xinjiang Academy of Governance of the People’s Republic of China was held at the Academy of Public Administration under the President of the Republic of Kazakhstan.

✅The delegation was headed by Liu Baodong, First Vice-Rector of the Xinjiang Academy of Governance. During the visit, the delegation learned about the Academy’s international training programmes and discussed opportunities for academic exchange and further development of cooperation between the two Academies.

The parties also exchanged views on sharing experience in civil servant training, implementing joint educational initiatives, and identifying promising areas for future cooperation.

16/09/2026

⚜️Бүгін Академияның Ақтөбе облысы бойынша филиалында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілер үшін ерекше Guest Talk мотивациялық кездесу өтті.

🔷Кездесу қонағы — Ақтөбе облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Махамбетов Мейрамбек Жанбулатович. Спорт саласынан бастап орталық және жергілікті мемлекеттік басқару жүйесіне дейінгі еңбек жолын баяндап, өз тәжірибесі, құндылықтары мен кәсіби ұстанымдарын ашық бөлісті.

Үлкен мақсат қою, командамен нәтижелі жұмыс істеу, дұрыс коммуникация құру және қиындыққа қарамастан алға жылжу — кездесудің негізгі өзегі болды. Сонымен қатар Ақтөбе спортының жетістіктері мен олимпиадалық спорттағы нәтижелер туралы айтып, нақты тәжірибесімен бөлісті. Тыңдаушылардың белсенді сұрақтары мен еркін пікір алмасуы кездесуге ерекше атмосфера сыйлады.

15/09/2026

GOVERNMENT CHESS CUP – 2026

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

📢 Сіздерді «GOVERNMENT CHESS CUP 2026» шахмат турнирінің Астана қаласындағы іріктеу кезеңіне қатысуға шақырамыз!

♟️ Қалалық іріктеу кезеңі 2026 жылғы 3 қазанда Астана қаласында өтеді.

🔹Турнир мемлекеттік қызметшілер арасында шахматты насихаттау, зияткерлік әлеуетті арттыру және әріптестік байланыстарды дамытуға бағытталған.

▪️Астана қаласы бойынша іріктеу кезеңінде жеңіске жеткен команда турнирдің финалдық кезеңіне қатысуға жолдама алады. Қорытынды кезеңде Қазақстанның 17 облысынан және республикалық маңызы бар қалаларынан іріктеуден өткен үздік командалар бас қосып, «GOVERNMENT CHESS CUP 2026» жеңімпазы анықталады.

✨Астана қаласының атынан финалда өнер көрсетіп, шахматшы мемлекеттік қызметшілер арасындағы додада қала намысын қорғауға шақырамыз!

📩Қатысу үшін өтінімдерді 2026 жылғы 25 қыркүйекке дейін [email protected] электрондық поштасына жіберу қажет.

⚜️Өтетін орны: Астана қаласы, Абай даңғылы, 33А, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, 2-қабат, Галерея.

15/09/2026

♟️ GOVERNMENT CHESS CUP 2026

⚜️Академияның Ақмола облысы бойынша филиалы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен өңірдің мемлекеттік қызметшілері арасында «GOVERNMENT CHESS CUP 2026» шахмат турнирі өтті.

🔹Турнирдің мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында шахматты кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын дәріптеу, зияткерлік әлеуетті дамыту және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту.

🔸Додаға 12 команда қатысты. Олардың қатарында Академия филиалының мен Агенттік департаментінің құрама командасы да бар.

▪️Турнирдің ашылу салтанатына Академияның Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Абжаков Асет Талғатбекұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Батыркулов Нуркат Турганович, сондай-ақ Қазақстан шахмат федерациясының Ақмола облысы бойынша филиалының өкілдері қатысты.

▫️Турнир жеңімпаздары:

1-орын – «Степные короли» командасы
2-орын – «Стратегия» командасы
3-орын – «Барыс» командасы

✨Шахмат турнирі спорттық бәсекемен ғана шектелмей, мемлекеттік қызметшілер арасында командалық өзара іс-қимылды дамытуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және тәжірибе а

Уважаемые друзья!📚 Приглашаем вас принять участие в марафоне «Читающий государственный служащий»!⚜️ В рамках инициативы ...
15/09/2026

Уважаемые друзья!

📚 Приглашаем вас принять участие в марафоне «Читающий государственный служащий»!

⚜️ В рамках инициативы Главы государства по развитию культуры чтения и общенационального проекта «Читающая нация» проходит республиканский марафон.

📘 Участникам необходимо прочитать 15 книг из специально подготовленного списка.

❓Что нужно сделать для участия?

1️⃣ Зарегистрироваться
2️⃣ Прочитать книги
3️⃣ Написать отзывы
4️⃣ Пройти конкурсные испытания

Сроки проведения марафона:
🗓️ Сентябрь 2026 года – регистрация участников.
🗓️ Сентябрь 2026 года – март 2027 года – чтение 15 книг в рамках марафона.
🗓️ Март – апрель 2027 года – проведение тестов и квизов среди участников.

🏆 Победители будут награждены денежными призами, а финалисты – дипломами и электронными сертификатами.

🔗 Список книг и условия: www.reading-nation.kz

Құрметті достар!📚 Сіздерді «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» марафонына қатысуға шақырамыз! ⚜️ Мемлекет басшысының оқу...
15/09/2026

Құрметті достар!

📚 Сіздерді «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» марафонына қатысуға шақырамыз!

⚜️ Мемлекет басшысының оқу мәдениетін дамыту және ұлттық «Кітап оқитын ұлт» бастамасы аясында республикалық марафон өтіп жатыр.

📘Қатысушылар арнайы әзірленген тізімнен қазақ тіліндегі 15 кітапты оқуы тиіс. Қатысу үшін не істеу керек?

1️⃣ Тіркелу
2️⃣ Кітап оқу
3️⃣ Пікір жазу
4️⃣ Байқау сынақтарынан өту

Байқау мерзімі:
🗓️ 2026 жылғы қыркүйек – қатысушыларды тіркеу
🗓️ 2026 жылғы қыркүйек – 2027 жылғы наурыз – марафон аясында 15 кітап оқу
🗓️ 2027 жылғы наурыз – сәуір – қатысушылар арасында тестілер, квиз

📖 Бұл – ой-өрісті кеңейтіп, сыни ойлау қабілетін дамытатын, жаңа идеяларға шабыт беретін құнды туындылар.

🗓 Марафон 2026 жылғы қыркүйек – 2027 жылғы наурыз аралығында өтеді.

🏆 Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталып, финалистер дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.

🔗 Кітаптар тізімі және қатысу шарттары: www.reading-nation.kz

⚜️Академияда Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі MPA білім беру бағдарламасының магистранттарына арналған «Цифрлық мемл...
15/09/2026

⚜️Академияда Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі MPA білім беру бағдарламасының магистранттарына арналған «Цифрлық мемлекеттік басқару» пәні аясында кезекті дәріс өтті.

🔹Сабақты Қазақстан Республикасының цифрландыру жөніндегі Қаржы вице-министрі Тұрысов Әсет Нұрланұлы жүргізді.

🔸Дәріс барысында магистранттар цифрлық мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелерін талқылап, мемлекеттік басқаруды цифрландыру үдерісіне қатысты нақты практикалық сұрақтарын қойды.

▪️Әсет Нұрланұлы кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, нақты мысалдар арқылы цифрлық трансформацияның мемлекеттік басқару жүйесіндегі маңызын ашып көрсетті.

14/09/2026
14/09/2026

✅«Даму күні» аясында «Diplomatic Talks»тіл клубының алғашқы кездесуі өтті.

Кездесудің тақырыбы «A Single ChamberParliament - Kurultai» болды. Кездесу барысындақатысушылар Құрылтай институтыныңқалыптасуының тарихи алғышарттарын, оның өкілді билік жүйесіндегі орнын, сондай-ақ Қазақстандағы парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін қарастырды.

Кездесудің модераторы MIR-2026 тобының магистранты Әбдіғали Майгүл болды. Талқылау барысында Қазақстанның тарихи-саяси тәжірибесіне ерекше назар аударылды. Магистранттар тәуелсіз мемлекеттің қалыптасукезеңіндегі бір палаталы жоғары өкілді орган ретінде Жоғарғы Кеңестің қызметін қарастырып, қазіргі бір палаталы парламент моделініңерекшеліктерін талқылады. Дискуссия аясындаөкілді институттардың сабақтастығы мен трансформациясы, парламенттің мемлекеттің саясижүйесіндегі рөлі және Құрылтайдың одан әрі даму перспективалары мәселелері көтерілді.
     
✅Кездесудің ашық форматта өтуі пікір алмасудыңбелсенді жүргізілуіне ықпал етіп, қатысушыларғакөтерілген мәселелерді тарихи, саясаттанулықжәне конституциялық-құқықтық тұрғыданқарастыруға мүмкіндік берді.

✅Кездесу академиялық диалог алаңына айналып, магистранттардың Қазақстанның

14/09/2026

⚜️Академияда «BAS – QARU QUIZ» интеллектуалды жобасының кезекті ойыны өтпек 🎉

🔹Құрметті Академия қызметкерлері, магистранттар және докторанттар! 18 қыркүйек күні сағат 11:00-де Даму күнінде командаңызбен куиз ойынына қатысуға шақырамыз!

▪️Интеллектуалды ойында ҚР Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңы мен әртүрлі тақырыптағы логикалық сұрақтар қойылады.

🔸Әр командада 3-6 адам болуы керек.

✨Баршаңызды BAS – QARU куизіне қатысуға шақырамыз!

Address

проспект Абая 33а
Akmola
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Telephone

+77024678151

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Academy of Public Administration under the President of Kazakhstan posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Academy of Public Administration under the President of Kazakhstan:

Shortcuts

Share