22/12/2021
«ТІЛ-ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ»
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылғы 21 желтоқсанда тәуелсіздік құрдастары арасында «Тіл-Тәуелсіздік символы» облыстық байқауын өткізді.
Байқауға Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларынан әр салада қызмет атқарып жүрген тәуелсіздік құрдастары қатысты.
Байқаудың бірінші кезеңінде қазылар алқасы қатысушылардың тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері мен табыстарын бағаласа, екінші кезеңде ұяшықтар таңдап, тәуелсіздік тақырыбындағы сұрақтарға жауап берді. «Тәуелсіздікке тартуым» атты үшінші кезеңде үміткерлер өз өнерлерін көрсетті.
Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша Өскемен қаласының №48 мектеп-қосымша білім беру орталығы директорының орынбасары Магзумова Әйгерім Сәтбекқызы Бас жүлдеге лайық деп танылды. I орынды Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты кеңсесінің бас маманы Тұрсын Жандос Тұрсынұлы, II орынды Семей қаласындағы Шәкәрім университетінің оқытушысы Әйгерім Сәрсенғалиқызы және Ұлан ауданының Р.Мәрсеков атындағы орта мектебінің мұғалімі Канапиянова Раушан Кадылкановна, III орынды Риддер қаласының «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясының мұғалімі Садықбек Мейірім Дәулетқызы және Өскемен қаласының № 26 орта мектебінің мұғалімі Мұханов Жібек Жәнібекқызы иеленді.
Байқау жеңімпаздары Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының арнайы дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.