Посольство Казахстана в Кыргызстане

Call Directions Website Contact the organization

Посольство Казахстана в Кыргызстане Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Посольство Казахстана в Кыргызстане, Government Organization, проспект Чынгыза Айтматова, дом 95А, Bishkek.

22/09/2026
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады– Сіз айрықша талан...
10/09/2026

Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады

– Сіз айрықша талант пен тынымсыз еңбектің және өзіңізге деген нық сенімнің арқасында WTA рейтингінде көш бастап, биік шыңды бағындырдыңыз. Осынау тарихи жеңісіңіз қазақ спортының даңқын асырды. Есіміңіз әлемдік теннис жылнамасынан ойып тұрып орын алды. Сіздің жетістікке толы жолыңыз – еліміздің жас спортшылары мен дүниенің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған теннис жанкүйері үшін үлгі-өнеге. Сонымен қатар кортта да, қоғамдық орындарда да, жұртшылықпен қарым-қатынас барысында да байқалатын жоғары мәдениетіңізді айрықша атап өткім келеді. Бұл – сөзсіз Сіздің парасатыңыз бен адами қалпыңыздың айқын көрінісі, – деп жазылған құттықтауда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаның чемпиондарға тән жалынды рухтан қуат алып, жаңа белестерге батыл қадам баса беруіне тілектестік білдірді.

2006 жылғы 8 қыркүйекте Семей қаласында Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа (ОАЯҚАА туралы шарт) қ...
09/09/2026

2006 жылғы 8 қыркүйекте Семей қаласында Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа (ОАЯҚАА туралы шарт) қол қойылды. Осы оқиғаның 20 жылдығына орай Шартқа қатысушы мемлекеттердің сыртқы істер министрлері Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Мәлімдемеде өңірдегі бес мемлекеттің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Солтүстік жарты шарда толық орналасқан және екі ядролық державаға шектесетін алғашқы әрі жалғыз ядролық қарудан азат аймақ туралы келісім болып табылатын Шарттың мақсаттары мен қағидаттарына бейілділігін растады.

ОАЯҚАА туралы шарттың ядролық қаруды таратпау және қарусыздану режимін, өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы, сондай-ақ атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланудағы маңызын атап өтіп, министрлер жаһандық қарусыздану күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір білдірді. Атап айтқанда, Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) Он бірінші шолу конференциясының қорытындыларына, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың мәртебесіне, Қауіпсіздіктің теріс кепілдіктері туралы хаттаманы ратификациялауға, сондай-ақ ядролық қарудан азат басқа да қолданыстағы және құрылып жатқан аймақтармен өзара іс-қимыл перспективаларына назар аударылды.

Құжат Орталық Азия мемлекеттерінің өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша ұстанымдарының бірлігін және ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі жаһандық күш-жігерге қосып отырған үлесін растайды.

🇰🇿🇰🇬 Қырғыз тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Қырғыз Республи...
08/09/2026

🇰🇿🇰🇬 Қырғыз тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев арасында телефон арқылы сөйлесу өтті.

Қырғызстан СІМ басшысы қазақстандық әріптесін жоғары лауазымға тағайындалуымен жылы құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.

🇰🇿🇰🇬 По инициативе кыргызской стороны состоялся телефонный разговор Министра иностранных дел Республики Казахстан Мухтара Тлеуберди с Министром иностранных дел Кыргызской Республики Жээнбеком Кулубаевым.

Глава МИД Кыргызстана тепло поздравил казахстанского коллегу с назначением на высокую должность и пожелал ему успехов в ответственной работе.

07/09/2026

Address

проспект Чынгыза Айтматова, дом 95А
Bishkek
720000

Opening Hours

Monday 09:00 - 19:00
Tuesday 09:00 - 19:00
Wednesday 09:00 - 19:00
Thursday 09:00 - 19:00
Friday 09:00 - 19:00
Saturday 09:00 - 19:00

Telephone

+996312565401

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Посольство Казахстана в Кыргызстане posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Посольство Казахстана в Кыргызстане:

Shortcuts

Share