17/09/2026
🇰🇿🇫🇷 ПАРИЖДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ!
17 қыркүйекте Парижде Қазақстанның мәдениет күндері қазақ киносының классикалық туындысы – режиссёр Абдолла Қарсақбаевтың «Алты жасар Алпамыс» фильмінің көрсетілімімен ашылды. 🎬
Қазақ киносының алтын қорына енген картина мемлекеттік бағдарлама аясында цифрландырылып, қалпына келтірілді.
19 қыркүйекке дейін жалғасатын бағдарлама аясында заманауи қазақстандық фильмдер, мәдениет саласы мамандарының қатысуымен кәсіби дөңгелек үстел және қазақстандық өнерпаздардың гала-концерті өтеді.
Қазақстанның мәдениеті мен өнері Париж төрінде! 🇰🇿🇫🇷
———
🇰🇿🇫🇷 LES JOURNÉES DE LA CULTURE DU KAZAKHSTAN ONT DÉBUTÉ À PARIS !
Le 17 septembre, les Journées de la culture du Kazakhstan se sont ouvertes à Paris avec la projection d’un classique du cinéma kazakh : « Alpamys va à l’école », réalisé par Abdulla Karsakbayev. 🎬
Appartenant au patrimoine du cinéma kazakh, le film a été numérisé et restauré dans le cadre d’un programme national.
Jusqu’au 19 septembre, la programmation réunira des films kazakhs contemporains, une table ronde professionnelle consacrée à la coopération culturelle et un concert de gala avec la participation d’artistes du Kazakhstan.
La culture et les arts du Kazakhstan à l’honneur à Paris ! 🇰🇿🇫🇷
Gulsara Arystankulova
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ