22/04/2026
🔹 Қазақстанның Қытайдағы Елшісі қытайлық БАҚ өкілдеріне баспасөз брифингін өткізді
Бейжің, 2026 жылғы 22 сәуір – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінде ҚР-дың ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышевтың Қытайдың жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз брифингі өтті.
Іс-шараның барысында Елші қытайлық журналисттерді Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан кешенді саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар барысымен, соның ішінде республикалық референдум қорытындысы бойынша қабылданған жаңа Конституциямен таныстырды.
Қазақстандық дипломат жоғары және үкіметтік деңгейлердегі саяси диалогтың оң қарқынын, сондай-ақ екі елдің мүдделі мемлекеттік органдары арасындағы белсенді байланыстарды атап өтті.
Сауда-экономикалық, көлік және инвестициялық салалардағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Елші екіжақты сауданың тұрақты өсімін, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация мен логистикалық өзара байланыстың кеңеюін атап өтті.
Елші Қазақстанда БҰҰ аясында «Өңірлік Экологиялық Саммит 2026: Тұрақты болашаққа арналған ортақ көзқарас» тақырыбында Саммиттің өткізілетіні туралы хабардар етіп, оның экологиялық сын-қатерлерді шешу бойынша бірлескен тәсілдерді қалыптастырудағы маңызын атап өтті.
БАҚ өкілдері Мемлекет басшысының БҰҰ аясында Су ресурстары саласындағы қолданыстағы халықаралық тетіктерді шоғырландыруға және осы саладағы жаһандық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған Халықаралық су ұйымын құру бастамасымен таныстырылды.
Ш.Нұрышев екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты ілгерілету туралы айтып, оның ішінде ҚР-ҚХР Тоғыспалы мәдениет жылын өзара өткізу, білім беру және туристік алмасуларды дамыту, сондай-ақ Бейжіңдегі Қазақстанның мәдениет орталығының қызметі мен бірлескен білім беру жобаларын атап өтті.
Баспасөз брифингіне «Жэньминь жибао», «China Daily», «Global Times», «Beijing Daily» газеттерінің, «Chinanews» және «Beijing News» ақпараттық агенттіктерінің, «CGTN» және «Феникс ТВ» телеарналарының, сондай-ақ бірқатар интернет-порталдар сияқты Қытайдың жетекші БАҚ өкілдері қатысты.
_________
🔸Посол Казахстана в Китае провел пресс-брифинг для китайских СМИ
Пекин, 22 апреля 2026 года – В Посольстве Республики Казахстан в Китайской Народной Республике состоялся пресс-брифинг Чрезвычайного и Полномочного Посла РК в КНР Шахрата Нурышева для представителей ведущих средств массовой информации Китая.
В ходе мероприятия Посол ознакомил китайских журналистов с ходом реализации в Казахстане комплекса политических, экономических и социальных реформ, включая принятие новой Конституции по итогам республиканского референдума.
Казахстанский дипломат отметил высокую динамику политического диалога на высшем и высоком уровнях, а также активные контакты между заинтересованными государственными органами двух стран.
Отдельное внимание было уделено вопросам торгово-экономического, транспортного и инвестиционного взаимодействия. Посол отметил устойчивый рост двусторонней торговли, а также расширение промышленной кооперации и логистической взаимосвязанности.
Посол также проинформировал о проведении в Казахстане Саммита под эгидой ООН на тему «Региональный экологический саммит 2026: Общее видение для устойчивого будущего», подчеркнув его значение для выработки совместных подходов к решению экологических вызовов.
Представители СМИ были ознакомлены с инициативой Главы государства о создании Международной водной организации под эгидой ООН, призванной консолидировать существующие международные механизмы в сфере водных ресурсов и повысить эффективность глобального взаимодействия в данной области.
Ш.Нурышев рассказал о продвижении двустороннего культурно-гуманитарного сотрудничества, включая проведение Перекрёстного года культуры РК-КНР, развитие образовательных и туристических обменов, а также деятельность Культурного центра Казахстана в Пекине и совместных образовательных проектов.
В пресс-брифинге приняли участие представители ведущих китайских СМИ, включая газеты «Жэньминь жибао», «China Daily», «Global Times», «Beijing Daily», информационные агентства «Chinanews» и «Beijing News», телеканалы «CGTN» и «Феникс ТВ», а также ряд интернет-порталов.