25/05/2026
№64 мекемесінде Отбасы күніне орай Ашық есік күні өтті
2026 жылғы 23 мамыр күні №64 мекемесінде Отбасы күніне орай «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — сотталғандардың туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайту, сондай-ақ мекемедегі қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру.
Іс-шараға шаруашылық қызмет көрсету жасағындағы сотталғандардың 23 туысы қатысып, жалпы қатысушылар саны 49 адамды құрады. Қонақтар мекеменің тұрмыстық жағдайымен танысып, сотталғандардың жатын орындарын аралады.
Сонымен қатар қатысушылар үшін концерттік бағдарлама мен дастархан ұйымдастырылып, сотталғандар мен олардың жақындарының еркін әрі жылы жүздесуіне мүмкіндік жасалды.
Мекеме әкімшілігінің айтуынша, мұндай іс-шаралар сотталғандардың қайта әлеуметтенуіне оң әсерін тигізіп, отбасы құндылықтарын сақтауға, әлеуметтік байланыстарды нығайтуға және заңға бағынушылық мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етеді.
#заңментәртіп #законипорядок #дуисастана