Жамбыл облысының білім басқармасы

Жамбыл облысының білім басқармасы Білім саласына қатысты мәліметтер мен атқарылған іс-шаралар

Техникалық шығармашылықтағы жарқын жеңісЖамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршубеков техникалық ш...
12/06/2026

Техникалық шығармашылықтағы жарқын жеңіс

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршубеков техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың республикалық жарысында жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар мен олардың жетекші ұстаздарымен кездесті.

2026 жылдың 30 мамыры мен 7 маусымы аралығында Орал қаласында өткен Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік және кеме құрастыру) республикалық жарысына еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаладан 180 оқушы қатысты.

Жамбыл облысының құрамасы жарыста тамаша нәтиже көрсетіп, 8 оқушы І орынға, 1 оқушы ІІІ орынға ие болды. Нәтижесінде облыс қоржынына 9 жүлде түсті.

Айта кету керек, Жамбыл облысының құрамасы 2019–2026 жылдар аралығында аталған республикалық жарыста қатарынан 8 жыл бойы командалық есепте І орынды иеленіп келеді. Бұл – оқушылардың таланты мен ұстаздардың жүйелі еңбегінің жемісі.

Кездесу барысында басқарма басшысы жеңімпаз оқушылар мен олардың жетекшілеріне алғыс білдіріп, алдағы байқауларда да жоғары жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдірді.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ» АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлі...
10/06/2026

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ» АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен «Ұлттық мектеп лигасының» республикалық кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Ауқымды спорттық шараға республиканың барлық аудан-қалаларынан келген жас спортшылар, дене шынықтыру пәні мұғалімдері, жаттықтырушылар, төрешілер және спорт жанашырлары қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушылар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдердің спортқа қызығушылығын арттыру, дарынды спортшыларды анықтап, қолдау көрсету.

Салтанатты шара «Салтанат» биімен басталып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Ашылу рәсімінде сөз алған құрметті қонақтар қатысушыларға сәттілік тілеп, спорттың жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығына тоқталды.

Шара барысында ұйымдастырушылар Ұлттық мектеп лигасының оқушылардың жан-жақты дамуына, көшбасшылық қасиеттерінің қалыптасуына және бұқаралық спорттың өркендеуіне қосып отырған үлесін ерекше атап өтті.

Биылғы жарыстар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен тиісті мемлекеттік органдар бекіткен ережеге сәйкес спорттың 10 түрі бойынша өткізіліп, 800 жуық баланы қамтиды. Атап айтқанда:

* Баскетбол – «Алтын доп»;
* Волейбол – «Шұбар доп»;
* Гандбол – «Ұшқыр доп»;
* Футбол – «Былғары доп»;
* Тоғызқұмалақ;
* Үстел теннисі;
* Асық ату және бес асық;
* Шахмат – «Ақбозат»;
* Футзал – «Теңбіл доп»;
* Жеңіл атлетика.

Жарыстар 5–6 сынып, 7–8 сынып және 9–11 сынып оқушылары арасында өткізіліп, әр жас ерекшелігі бойынша үздіктер анықталады.

Мерекелік іс-шара барысында өнерпаз оқушылардың орындауындағы әндер мен би композициялары көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Вокал» студиясының тәрбиеленушілері орындаған музыкалық нөмірлер жас спортшыларға ерекше рух берді.

Ұлттық мектеп лигасы бүгінде еліміздегі ең ауқымды мектептік спорт жобаларының бірі саналады. Жоба оқушылардың спортпен жүйелі айналысуына мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың достық қарым-қатынасын нығайтуға, жеңіске деген жігерін шыңдауға ықпал етеді.

09/06/2026

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК КОНКУРСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ

Жамбыл облысында 2026 жылдың 09 маусым күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Спорт» саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының ашылу салтанаты өтті.

Аталған конкурстың мақсаты - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының дарынды, шығармашыл педагогтерін анықтау және қолдау, сондай-ақ спорт саласы бойынша инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату.

Конкурсқа еліміздің 11 өңірінен келген үздік педагогтер қатысып, өздерінің кәсіби шеберліктерін, заманауи оқыту технологияларын қолдану тәжірибелерін және практикалық дағдыларын көрсетеді.

Салтанатты ашылу рәсімінде ұйымдастырушылар мен құрметті қонақтар қатысушыларға сәттілік тілеп, мұндай кәсіби байқаулардың педагогтердің біліктілігін арттырудағы және тәжірибе алмасудағы маңыздылығын атап өтті.

Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы бірнеше кезеңнен тұрады. Байқау барысында қатысушылар теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетіп, кәсіби тапсырмаларды орындау арқылы бақ сынайды.

«Арнайы білім беру беру ұйымының үздік педагогі» республикалық конкурсының І облыстық кезеңі өтті. Жамбыл облысы әкімдіг...
09/06/2026

«Арнайы білім беру беру ұйымының үздік педагогі» республикалық конкурсының І облыстық кезеңі өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 3-4 маусым күндері арнайы білім беру ұйымдарының үздік педагогтерінің тәжірибесін тарату, жеке тұлғаның әлеуметтік кәсіби рерсурстарын және АББ ұйымы педагогтерінің кәсіби шеберліктерін дамыту мақсатында «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі» республикалық конкурсының І облыстық кезеңі өтті.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің озық идеяларын практикада іске асыратын шығармашыл жұмыс істейтін, дарынды педагогтерді анықтау және қолдау, мұғалімнің оң әлеуметтік және кәсіби иммиджін қалыптастыру, педагогикалық инновациялар мен шығармашылық белсенділікті көтермелеу, білім беру мазмұнын жаңарту бойынша педагогтердің қызметін дамыту, педагогикалық тәжірибені жалпылау нысандарын жетілдіруде педагогтер өз тәжірибелерін ұсынды.

«Арнайы мектептің үздік педагогі» номинациясы бойынша байқаудың І облыстық кезеңіне қатысқан арнайы мектеп интернаттардың педагогтері конкурсқа қатысқаны үшін Алғыс хаттарға ұсынылды. «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының үздік маманы» номинациясы бойынша Тараз қаласы №1 ПМПК сурдопедагогі Л.Сейдазимова І дәрежелі, облыстық ПМПК олигофренопедагогі Н.Кемелбек ІІ дәрежелі, №1 ПМПК әлеуметтік педагогі Ф.Жарылқасынова ІІІ дәрежелі, «Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің, аутизмі бар балаларды қолдау орталығының үздік педагогі» номинациясы бойынша Байзақ ауданы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің мұғалім-дефектологі Е.Окс І дәрежелі, «Оңалту» орталығының педагог-психологі Ж.Бегимбаева ІІ дәрежелі, Байзақ ауданы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің педагог-психологі Н.Әміралиева ІІІ дәрежелі, Тараз қаласы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің педагог-психологі М.Куляева ІІІ дәрежелі, «Арнайы балабақша тәрбиеленушілерін психологиялық-педагогикалық қолдаудың үздік педагогі» номинациясы бойынша Тараз қаласы №8 бөбекжай-бақшасының дефектологі А.Алсай І дәрежелі, Тараз қаласы №44 «Ертарғын» бөбекжай-бақшасының педагог-психологі М.Қуатбекова ІІ дәрежелі, Тараз қаласы №32 «Ботақан» бөбекжай-башасының логопеді А.Есенқұл және №42 «Жұлдыз» бөбекжай-бақшасының логопеді Ж.Базарбек ІІІ дәрежелі дипломдарды иеленді.
Конкурс қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен педагогтер марапатталып, жүлделі І орынды иеленген педагогтердің материалдары конкурстың ІІ кезеңіне жіберіледі.

Ағымдағы жылдың  мамыр айында ҚР ОҒМ «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің жылдық жосп...
09/06/2026

Ағымдағы жылдың мамыр айында ҚР ОҒМ «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің жылдық жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның барлық педагог қызметкерлері арасында «Мектепке дейінгі ұйымға арналған үздік дамытушы бағдарлама» байқауының республикалық кезеңі өтті.

Республикалық байқауының нәтижесі бойынша Тараз қаласы №35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы І орын, №33 «Айсәуле» бөбекжай-бақшасы «Ұлттық құндылықтарға негізделген үздік бағдарлама» номинациясын иеленді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Address

Жамбылская область, город Тараз, Улица Толе би 35
Taraz
080000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Telephone

+77262438839

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Жамбыл облысының білім басқармасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Жамбыл облысының білім басқармасы:

Share