18/07/2026
ЗАҢНАМАДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
🔹Департаменттің бас маманы Е. Әділ Абай облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және заңнамадағы өзекті өзгерістерге арналған кездесу өткізді.
🔹Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістерге шолу жасалып, мүдделер қақтығысының туындауына жол бермеу, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға және оларға теңестірілген тұлғаларға қойылатын талаптар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін көзделген жауапкершілік мәселелері кеңінен сөз болды.
🔹Түсіндіру жұмысы ашық диалог форматында ұйымдастырылды. Заңнама талаптары күнделікті қызмет барысында кездесуі мүмкін жағдайлар арқылы түсіндіріліп, қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу барысында қойылған сұрақтар талқыланып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жан-жақты жауаптар берілді.
🔹Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және қоғамда адалдық қағидаттарын дәріптеу.
🇰🇿
MEMLEKETTIK QYZMET🇰🇿
Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев🇰🇿
Салауат Силибаевич Муксимов