Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Oral
  • Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы

Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы Государственное учреждение «Управление цифровых технологий Западно-Казахстанской области»

🗓 2026 жылғы 8 шілде күні сағат 11:00-де Батыс Қазақстан облысының Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрғиса М...
07/07/2026

🗓 2026 жылғы 8 шілде күні сағат 11:00-де Батыс Қазақстан облысының Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрғиса Мәлікұлы Қамашев:
«БҚО-дағы байланыс және мобильді интернет сапасын жақсарту жұмыстары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясын өткізеді.
Кездесу барысында өңірдегі телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, мобильді байланыс пен интернет сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері және алдағы жоспарлар туралы ақпарат беріледі.
📍 Өтетін орны: «JAIYQ PRESS» медиахолдингінің ғимараты, Мұхит көшесі, 57/1.

🗓 8 июля 2026 года в 11:00 руководитель Управления цифровых технологий Западно-Казахстанской области Нургиса Маликович Камашев проведет пресс-конференцию на тему:
«О ходе работ по улучшению качества связи и мобильного интернета в Западно-Казахстанской области».
В ходе встречи будут представлены результаты проводимой работы по развитию телекоммуникационной инфраструктуры региона, повышению качества мобильной связи и интернета, а также планы на ближайший период.
📍 Место проведения: здание медиахолдинга «JAIYQ PRESS», ул. Мухита, 57/1.

#БҚО #Цифрландыру #Батысқазақстан

🇰🇿 Астана күні құтты болсын!Құрметті жерлестер!Сіздерді 6 шілде – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Астана – Тәуе...
06/07/2026

🇰🇿 Астана күні құтты болсын!
Құрметті жерлестер!
Сіздерді 6 шілде – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы, ел бірлігі мен жарқын болашағының көрінісі. Елордамыздың өркендеуі – мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен халқымыздың бірлігінің айқын дәлелі.
Осы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен толағай жетістіктер тілейміз. Еліміз тыныш, көк туымыз биік, Астанамыз әрдайым көркейіп, Қазақстанымыздың мерейі үстем болсын!
Мереке құтты болсын! 🇰🇿✨

ҰлттықДОМБЫРА КҮНІқұтты болсын!Домбыра – халқымыздың рухани мұрасы, ұлттық мәдениетіміздің асыл қазынасы.Қасиетті өнерім...
05/07/2026

Ұлттық
ДОМБЫРА КҮНІ
құтты болсын!

Домбыра – халқымыздың рухани мұрасы, ұлттық мәдениетіміздің асыл қазынасы.

Қасиетті өнерімізді дәріптеп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтай берейік!

Баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық шабыт, еңбекте толағай табыс және отбасыларыңызға амандық тілейміз!

⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі Құрметті отандаст...
01/07/2026

⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі
 
Құрметті отандастар!
 
Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – бүкіл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз.

Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады.

15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда Қазақстан халқы ел тағдырына тікелей ықпал ететін және мемлекеттің ондаған жылдарға арналған даму бағдарын айқындайтын таңдауын жасады. Миллиондаған отандасымыз берекелі бірлік танытып, шынайы отаншылдық пен жоғары жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетті. Бұл тарихи шешімнің төл шежіремізде алтын әріппен жазылатыны анық.

Бұдан былай Конституция күні «Наурызнама» онкүндігімен қатар аталып өтеді. Мұның символдық мәні зор. Конституция күні ел ішінде ғасырлар бойы орныққан көктемгі жаңару дәстүрлерін Ата заңның басты қағидаттарымен тоғыстырады, яғни азаматтарымыздың ырысты ынтымаққа, озық білімге, ел игілігі жолында адал еңбек етуге деген талпынысымен үндеседі.

Біз нағыз Халық Конституциясының мызғымас құқықтық негізіне арқа сүйеп, барлық мақсат-мұраттарымызға міндетті түрде жетеміз. Заң мен Тәртіп, Еңбексүйгіштік пен Өрлеу, Тазалық пен Табиғатты аялау сынды жасампаздық құндылықтарын қоғамда берік орнықтырамыз. Бұған еш күмәнім жоқ.

Біз бірлігі бекем, біртұтас ұлт ретінде әлемдік өркениеттің шыңын бағындырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін және барлық азаматтың жан-жақты дамуына жол ашатын мемлекетті – Әділетті Қазақстанды құрамыз!

Қастерлі Отанымызды көркейту жолындағы жоспарларымызды ойдағыдай орындаймыз. Мен бұған кәміл сенемін!

Қазақстан Республикасы жасай берсін!

Халқымыз мәңгі жасасын!
#БҚО #Цифрландыру #Батысқазақстан

29/06/2026

Байқоныс ауылдық округінде цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Байқоныс ауылдық округінің әкімі, Цифрлық технологиялар басқармасы және шағын байланыс операторларының бірлескен жұмысы нәтижесінде ауыл тұрғындарының үйлерін интернет желісіне қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұл өз кезегінде тұрғындарды сапалы әрі тұрақты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, тұрғындар көп шоғырланатын демалыс орындарында тегін қоғамдық Wi Fi желісін іске қосу мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған бастамалар ауыл тұрғындарының цифрлық қызметтерге қолжетімділігін арттыруға және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған.
В сельском округе Байқоныс продолжается работа по развитию цифровой инфраструктуры.

Совместными усилиями акима сельского округа Байқоныс, Управления цифровых технологий и малых операторов связи ведется подключение домохозяйств к проводному интернету. Это позволит жителям получить стабильный и качественный доступ к сети.

Кроме того, в рамках сотрудничества подписан меморандум о создании бесплатных общедоступных зон Wi Fi в местах массового отдыха жителей. Реализация данной ини�

26/06/2026

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздер қоғам мен билік арасындағы алтын көпір болып, шынайы ақпараттың таралуына, халықтың санасының қалыптасуына үлкен үлес қосып келесіздер.
Қаламдарыңыз ұшқыр, ойларыңыз терең, еңбектеріңіз жемісті болсын!

От всей души поздравляем представителей средств массовой информации с профессиональным праздником!

Вы являетесь золотым мостом между обществом и властью, вносите весомый вклад в распространение достоверной информации и формирование общественного сознания.

Желаем вам острого пера, глубоких мыслей, неиссякаемого вдохновения, крепкого здоровья, благополучия и новых профессиональных успехов! Пусть ваш труд всегда будет востребованным, плодотворным и по достоинству оценён!
#БҚО #Цифрландыру #Батысқазақстан

19/06/2026

Бүгінгі таңда жеке деректерді қорғау мәселесі аса өзекті болып отыр.
Күн сайын біз өз деректерімізді тіркелу кезінде, сатып алуда, түрлі ұйымдарға жүгінгенде ұсынамыз.

Жеке деректер – бұл жай ғана ақпарат емес.
Бұл – сіздің қауіпсіздігіңіз, жеке өміріңіз және жауапкершілігіңіз.

Маңыздысы:
🔹 өз деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз
🔹 сенімді дереккөздерді тексеріңіз
🔹 ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз

Сегодня вопрос защиты персональных данных становится особенно актуальным.
Каждый день мы передаём свои данные - при регистрации, покупках, обращении в организации.
Персональные данные - это не просто информация.
Это ваша безопасность, ваша личная жизнь и ваша ответственность.
Важно помнить:
🔹 не передавайте свои данные третьим лицам
🔹 проверяйте источники, которым доверяете
🔹 соблюдайте правила информационной безопасности.

#БҚО #Цифрландыру #Батысқазақстан

Ұлытау облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа цифрлық форматы - алғашқы цифрлық Smart Point ХҚКО ашылды​Ұлытау обл...
05/06/2026

Ұлытау облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа цифрлық форматы - алғашқы цифрлық Smart Point ХҚКО ашылды

​Ұлытау облысы елімізде жаңа форматтағы Smart Point цифрлық ХҚКО іске қосылған алғашқы өңір болды. Бұл – мемлекеттік қызметтерді алудың сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған заманауи әрі инновациялық кеңістік. Жоба халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, электрондық қызметтерді өздігінен пайдалану мәдениетін қалыптастыруға және азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың ыңғайлы, заманауи әрі технологиялық ортасын дамытуға бағытталған.

Address

Западно-Казахстанская область
Oral

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share