01/06/2026
Аудан абыройын асқақтатқан дарындар
✍️2025–2026 оқу жылында халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарында жеңімпаз атанған Бөкей ордасы ауданының дарынды оқушылары 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Орал қаласында ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысып, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлымен кездесті. Облыс орталығындағы Тұңғыш Президент алаңында өткен салтанатты кездесуге ауданымыздың білім мен ғылым саласында жоғары жетістіктерге қол жеткізген бір топ оқушысы арнайы шақырылып, құрметке ие болды. Бұл шара жас дарындардың еңбегін бағалап, олардың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына үлкен мотивация берді.