AI & Digital Ministry of Kazakhstan

AI & Digital Ministry of Kazakhstan Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

🌐 Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Еуропалық Одақтың Қазақстан...
10/06/2026

🌐 Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Еуропалық Одақтың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясымен, ЕО-ның Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкичтің жетекшілігіндегі делегациямен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар жасанды интеллект, цифрлық трансформация, цифрлық инфрақұрылымды дамыту, GovTech шешімдері және деректерді қорғау салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

Жаслан Мәдиев Қазақстанның Еуропалық Одақты цифрлық саладағы негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті. Кездесуде жасанды интеллект экожүйесін дамытуға, Екібастұздағы Data Centre Valley жобасына, 5G желілерінің қауіпсіздігі мәселелеріне, сондай-ақ ғылым, инновациялар және цифрлық мемлекеттік қызметтер салаларындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Қазақстан жасанды интеллектті реттеу және деректерді қорғау мәселелері бойынша Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін растады. Сонымен қатар, Еуропалық Одақтың AI Act құжатында белгіленген қағидаттарды қолдайтынын және жоғары технологиялар саласында ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестікті дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

🌐 Тяньцзинь қаласында өткен World Intelligence Expo көрмесіне вице-министр Б. Мұхаметқалиев бастаған қазақстандық делега...
10/06/2026

🌐 Тяньцзинь қаласында өткен World Intelligence Expo көрмесіне вице-министр Б. Мұхаметқалиев бастаған қазақстандық делегация қатысты. Бұл технологиялық іс-шарада біздің еліміз қонақ мәртебесіне ие болды, бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық және технологиялық серіктестікті растайтыны сөзсіз.

Алаңда ауданы шамамен 300 шаршы метрді құрайтын, қонақтарды қабылдау аймағы, демонстрациялық секциялар және LED-экраннан тұратын қазақстандық павильон ұйымдастырылды. Стендтің визуалды концепциясы Trusted Kazakhstan бастамасының фирмалық стилінде жасалып, екі елдің жасанды интеллект, цифрлық және зияткерлік технологиялар саласындағы өзара іс-қимылын көрсетті.

Көрмеге қатысу Қазақстанды цифрландыру, жасанды интеллектті дамыту және Smart-инновациялар саласындағы сенімді серіктес ретінде танытуға бағытталды.

Сонымен қатар, павильон еліміздің технологиялық хаб және қытайлық компаниялар үшін ТМД елдерінің нарығына шығатын тиімді терезе ретіндегі әлеуетін көрсетуге мүмкіндік берді.

🌐 Қазақстан Президенті 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» ауқымды цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын...
10/06/2026

🌐 Қазақстан Президенті 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» ауқымды цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізудің жалпыұлттық стратегиясын бекітті. Қабылданған Жалпыұлттық стратегия елдің жасанды интеллектті, цифрлық экономиканы және заманауи технологияларды дамытудағы ұзақ мерзімді бағытын айқындайды.

Өзгерістердің негізі - адам, қолайлы цифрлық сервистер, бизнесті дамыту, ЖИ-ді негізгі салаларға енгізу және заманауи цифрлық инфрақұрылымды қалыптастыру.

Сондай-ақ, стратегия аясында ЖИ-ді барлық базалық салаларға ауқымды түрде енгізу, қауіпсіз қалалық ортаны дамыту, дербес білім беру бағыттарын іске қосу және макроөңірдің озық есептеу қуаттарын біріктіруге арналған, жобалық қуаты 1 ГВт-қа дейінгі флагмандық егеменді «AI Hub» құру жоспарлануда.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру Қазақстанның цифрлық бәсекеге қабілеттілік бойынша халықаралық рейтингтердегі позициясын нығайтуға және отандық IT-қызметтер экспортын арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ жаппай автоматтандыру мен инновациялық тәсілдерді енгізу есебінен елдің ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсіміне елеулі қосымша үлес қосуды қамтамасыз етеді.

🌐 Ұлытау облысында алғашқы Smart Point цифрлық ХҚКО-сы ашылды!Ұлытау облысы мемлекеттік қызметтерді өздігінен алуға арна...
08/06/2026

🌐 Ұлытау облысында алғашқы Smart Point цифрлық ХҚКО-сы ашылды!

Ұлытау облысы мемлекеттік қызметтерді өздігінен алуға арналған жаңа буынның инновациялық кеңістігі іске қосылған еліміздегі алғашқы өңірлердің біріне айналды.

Smart Point орталығында азаматтар қызметтерді операторлардың қатысуынсыз-ақ ала алады. Кеңістік ыңғайлы функционалдық аймақтарға бөлінген: оның ішінде өзін-өзі қолдау терминалдары бар және құжаттарды мессенджерлерге жіберуге мүмкіндік беретін экспресс-аймақ, сондай-ақ сымсыз зарядтағыштармен және құжаттарды цифрландыруға арналған жоғары жылдамдықты сканерлермен жабдықталған цифрлық аймақ бар. Мамандардың сүйемелдеуімен күрделі қызметтерді алу үшін сараптамалық аймақ қарастырылған, ал оқыту аймағында халықтың цифрлық сауаттылығын тегін арттыруға арналған интерактивті экран орнатылған.

Бұл формат бұған дейін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеген «Жаңа буынның цифрлық кеңсесі» тұжырымдамасына толық сәйкес келеді. Мұндай кеңістіктер архитектуралық және функционалдық тұрғыдан Apple Store деңгейіндегі заманауи технологиялық орталықтарға ұқсас. Ведомство басшысы атап өткендей, ауқымды трансформацияның басты мақсаты — барлық сервистердің кемінде 70%-ын электрондық форматқа көшіруді қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік қызметтерді азаматтар үшін «көрінбейтін» әрі қарапайым ету. Ұлытауда Smart Point орталығының іске қосылуы осындай кедергісіз ортаны қалыптастырып, қоғамның цифрлық мәдениетін нығайтудың берік іргетасын қалайды.

🌐 Астанада Орталық Еуразиядағы басшыларға арналған жасанды интеллект бойынша ең ірі AI Leaders 2026 бағдарламасының түле...
06/06/2026

🌐 Астанада Орталық Еуразиядағы басшыларға арналған жасанды интеллект бойынша ең ірі AI Leaders 2026 бағдарламасының түлектерді шығару рәсімі өтті

Alem.ai халықаралық орталығында ауқымды AI Leaders 2026 бағдарламасы қатысушыларының оқуы ресми түрде аяқталды. Жоба Жасанды интеллект жылының басты оқиғасына айналды, Жасанды интеллект және цифрлық даму қолдауымен Стэнфорд университеті (Stanford HAI), OpenAI Academy және Silkroad Innovation Hub-пен бірлесе отырып жүзеге асырылды.

Бағдарлама әлемнің 9 елінен және 150 ұйымнан 800-ден астам басшының басын қосты. Профессор Питер Норвиг пен OpenAI сарапшыларының жетекшілігімен өткен 8 апталық қарқынды оқу барысында қатысушылар жүздеген стратегиялық сессиялар өткізіп, өз ведомстволары мен компаниялары үшін 100-ден астам ЖИ-стратегиясын әзірледі.

Бағдарлама қорытындысы бойынша қатысушылар Stanford HAI және OpenAI Academy халықаралық сертификаттарына ие болып, өңірдегі ЖИ-трансформаторы көшбасшыларының ең ірі кәсіби қоғамдастығына бірікті.

🌐 Қазақстан мен Кипр цифрлық және ғарыштық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтедіҚазақстан мен Кипр Президе...
03/06/2026

🌐 Қазақстан мен Кипр цифрлық және ғарыштық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Қазақстан мен Кипр Президенттері жүргізген келіссөздер қорытындысы бойынша ведомствоаралық құжаттармен ресми алмасу рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Кипр Республикасы Зерттеу, инновациялар және цифрлық саясат кіші министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, электрондық үкімет, ғарыш қызметі және киберқауіпсіздік салаларындағы бірлескен жұмысқа жол ашады.

Мемлекет басшыларының қатысуымен жалпы саны 5 маңызды құжат алмасылды. Цифрлық күн тәртібінен бөлек, жаңа келісімдер мәдениет, ғылым және жоғары білім, спорт салаларын, сондай-ақ сыртқы сауда палаталары желісі бойынша инвестициялық және іскерлік байланыстарды нығайтуды көздейді.
➖➖➖
🌐 Казахстан и Кипр расширяют сотрудничество в сфере цифровых и космических технологий

По итогам переговоров Президентов Казахстана и Кипра состоялся официальный обмен межведомственными документами.

Был подписан Меморандум о взаимопонимании между Министерством искусственного интеллекта и цифрового развития РК и Подминистерством по исследованиям, инновациям и цифровой политике Республики Кипр. Соглашение закладывает основу для совместной работы в сфере ИКТ, электронного правительства, космической деятельности и кибербезопасности.

Всего в присутствии глав государств было заключено 5 ключевых документов. Помимо цифровой повестки, новые соглашения укрепили правовую базу двусторонних отношений в таких стратегических сферах, как культура, наука и высшее образование, спорт, а также развитие инвестиционных и деловых перспектив по линии внешнеторговых палат.

🌐 Казахстан вошел в ТОП-30 стран с высоким уровнем использования ИИВ Астану с официальным визитом прибыла делегация Open...
03/06/2026

🌐 Казахстан вошел в ТОП-30 стран с высоким уровнем использования ИИ

В Астану с официальным визитом прибыла делегация OpenAI (создатели ChatGPT). В рамках встречи с заместителем Премьер-министра, Министром искусственного интеллекта и цифрового развития Жасланом Мадиевым стороны обсудили внедрение ИИ в образование, совместные проекты и развитие навыков будущего.
Аналитика от OpenAI подтвердила: наше общество максимально готово к технологиям! Казахстан значительно опережает другие страны Центральной Азии по использованию потребительской версии ChatGPT на душу населения.

Как казахстанцы используют нейросети (данные OpenAI):
• Молодежь — главный драйвер: 72% всех запросов отправляют пользователи от 18 до 34 лет.
• Гендерное равенство: ИИ одинаково активно используют как мужчины, так и женщины.
• Топ-задачи: 42% запросов — это поиск информации, 32% — выполнение конкретных задач (написание текстов, техническая помощь), 26% — самовыражение.

🗣️«Граждане уже сейчас активно интегрируют ИИ в свою повседневную жизнь. Такой высокий уровень внедрения создает необходимый фундамент для интеграции ИИ в образование, бизнес и госуправление, а также укрепления позиций Казахстана как технологического лидера региона», — отметил Жаслан Мадиев.

По словам Руководителя международного направления в сфере образования OpenAI Валери Фокке, следующий шаг сотрудничества — помочь казахстанцам извлекать еще больше пользы из нейросетей, превращая доступ к технологиям в реальные карьерные и образовательные возможности.

Визит OpenAI проходит в рамках масштабного национального проекта. Уже сейчас 165 тысяч казахстанских педагогов получают доступ к ChatGPT Edu - специальной версии для образовательных учреждений. Технологическим партнером проекта и организатором визита выступил IT-холдинг Bilim Group (проект Bilim UpSkill).

🌐 Казахстан вошел в число стран-лидеров по уровню использования ИИВ Астану с официальным визитом прибыла делегация OpenA...
03/06/2026

🌐 Казахстан вошел в число стран-лидеров по уровню использования ИИ

В Астану с официальным визитом прибыла делегация OpenAI (создатели ChatGPT). В рамках встречи с заместителем Премьер-министра, Министром искусственного интеллекта и цифрового развития Жасланом Мадиевым стороны обсудили внедрение ИИ в образование, совместные проекты и развитие навыков будущего.
Аналитика от OpenAI подтвердила: наше общество максимально готово к технологиям! Казахстан значительно опережает другие страны Центральной Азии по использованию потребительской версии ChatGPT на душу населения.

Как казахстанцы используют нейросети (данные OpenAI):
• Молодежь — главный драйвер: 72% всех запросов отправляют пользователи от 18 до 34 лет.
• Гендерное равенство: ИИ одинаково активно используют как мужчины, так и женщины.
• Топ-задачи: 42% запросов — это поиск информации, 32% — выполнение конкретных задач (написание текстов, техническая помощь), 26% — самовыражение.

🗣️«Граждане уже сейчас активно интегрируют ИИ в свою повседневную жизнь. Такой высокий уровень внедрения создает необходимый фундамент для интеграции ИИ в образование, бизнес и госуправление, а также укрепления позиций Казахстана как технологического лидера региона», — отметил Жаслан Мадиев.

По словам Руководителя международного направления в сфере образования OpenAI Валери Фокке, следующий шаг сотрудничества — помочь казахстанцам извлекать еще больше пользы из нейросетей, превращая доступ к технологиям в реальные карьерные и образовательные возможности.

Визит OpenAI проходит в рамках масштабного национального проекта. Уже сейчас 165 тысяч казахстанских педагогов получают доступ к ChatGPT Edu - специальной версии для образовательных учреждений. Технологическим партнером проекта и организатором визита выступил IT-холдинг Bilim Group (проект Bilim UpSkill).

🌐 1955 жылғы 2 маусым — әлемдік ғылым мен жоғары технологиялар тарихындағы ең маңызды белес. Дәл осы күні №5 Ғылыми-зерт...
02/06/2026

🌐 1955 жылғы 2 маусым — әлемдік ғылым мен жоғары технологиялар тарихындағы ең маңызды белес. Дәл осы күні №5 Ғылыми-зерттеу сынақ полигонының — болашақ Байқоңыр ғарыш айлағының құрылымы бекітілді.

Кешен құрылысы Қызылорда облысында өрістеді. Инженерлер мен құрылысшылардың алдында бұрын-соңды болмаған ауқымды міндет тұрды: қысқа мерзімде уақыттан озып кеткен зымыран техникасын сынауға арналған техникалық базаны тұрғызу қажет еді. Жобалаушыларға Арал өңірінің күрделі климаттық жағдайында алып старттық жүйелердің микрондық дәлдігін нөлден бастап есептеуге тура келді.

Дәл осы қазақ жерінен Жердің тұңғыш жасанды серігі мен ғарышқа алғашқы адам ұшырылды. Осы жерде тарих соғылды, оның заңды жалғасы ретінде отандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов ғарышқа сапар шекті.

Бүгінде Байқоңыр ғарыш айлағы — еліміздің ғылыми-технологиялық әлеуеті мен егемендігінің ажырамас бөлігі. #ЦифрлықБелестер айдарындағы бұл дата ауқымды технологиялық серпілістер орасан зор инженерлік батылдық пен тексерілген шешімдерді талап ететінін еске салады.
➖➖➖
🌐 2 июня 1955 года — важнейшая веха в истории мировой науки и высоких технологий. В этот день была утверждена структура Научно-исследовательского испытательного полигона № 5 — будущего космодрома Байконур.

Строительство комплекса развернулось в Кызылординской области. Перед инженерами и строителями стояла беспрецедентная задача: в кратчайшие сроки возвести техническую базу для испытаний опережающей время ракетной техники. Проектировщикам приходилось с нуля рассчитывать микронную точность массивных стартовых систем в сложнейших климатических условиях Приаралья.

Именно с казахстанской земли были осуществлены запуски первого искусственного спутника Земли и первого человека в космос. Здесь ковалась история, продолжением которой стали полеты отечественных космонавтов Токтара Аубакирова, Талгата Мусабаева и Айдына Аимбетова.

Сегодня космодром Байконур — неотъемлемая часть научно-технологического потенциала и суверенитета нашей страны. В рубрике #ЦифровыеВехи эта дата напоминает, что масштабные технологические прорывы требуют колоссального инженерного мужества и выверенных решений.

Address

Мәңгілік Ел даңғылы 55/5 С 2. 4
Nur-Sultan
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when AI & Digital Ministry of Kazakhstan posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share