26/05/2026
Мемлекеттік корпорация тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың алдын алуға бағытталған бірқатар комплаенс-рәсімдер жүзеге асырады.
2025 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаулардың қорытындысы бойынша жер кадастры, АХАТ, заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікті тіркеу, кадрлық қамтамасыз ету, сондай-ақ әкімшілік-шаруашылық қызмет салаларында 31 тәуекел анықталды. Қазіргі уақытта олар бойынша түзету шаралары қабылдануда.
Әрбір талдаудың алдында шағымдар мен ұсыныстар жиналады, ал олар аяқталғаннан кейін кез келген тілек білдіруші қорытындыларды талқылауға қатыса алады.
Сондай-ақ, өткен жылы қызметкерлердің 1 мыңнан астам декларациясы зерделеніп, олар бойынша 51 мүдделер қақтығысы анықталды және реттелді. Олардың әрқайсысы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырған болатын. Биыл осындай 13 жағдай реттелді.
Заңсыз қызметке тартылу тәуекелдерін азайту үшін 2025 жылы контрагенттерге 112 кешенді тексеру жүргізілді, олармен үлестес 2 мың тұлғаның сенімділігі зерделенді, сенімсіз өнім берушілермен 650 млн теңге сомасына мәмілелерден бас тартылды. Биыл 100-ден астам тексеру аяқталды.
Бастамашыл ақпараттандыру арналары арқылы 2025 жылы 100-ден астам өтініш түсіп, оның 21-і бойынша уәждер расталды. Барлық фактілер бойынша кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды, ал 1 жағдайда еңбек шарты бұзылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен комплаенс саласындағы саясат талаптарына тұрақты түрде оқыту жүргізіліп тұрады. Тек өткен жылдың өзінде одан 19 мың қызметкер өтті. Биыл жаңадан қабылданған 490 маман оқытылды. Сондай-ақ, сыйлықтар мен мәдени-сауықтыру іс-шараларын өткізу саласында тұрақты негізде бақылау жүргізіледі.
Комплаенс-бақылаудың басым бағыттары бойынша жұмыс жалғасуда.
____________________________
Государственная корпорация на регулярной основе проводит ряд комплаенс-процедур, направленных на превенцию коррупции и мошенничества.
По итогам внутренних анализов коррупционных рисков 2025 года установлен 31 риск в сферах земельного кадастра, РАГС, регистрации юридических лиц и недвижимости, кадрового обеспечения, а также административно-хозяйственной деятельности. Сейчас по ним принимаются корректирующие меры.
Перед каждым анализом осуществляется сбор жалоб и предложений, а по их завершению любой желающий может принять участие в обсуждении итогов.
Также за прошлый год изучено более 1 тыс. деклараций работников, по которым выявлен и урегулирован 51 конфликт интересов. Каждый из них нес потенциальные коррупционные риски. В этом году урегулировано 13 таких ситуаций.
Для минимизации рисков вовлечения в незаконную деятельность в 2025 году проведено 112 комплексных проверок контрагентов, изучена благонадежность 2 тыс. аффилированных с ними лиц, осуществлен отказ от сделок на сумму 650 млн тенге с ненадлежащими поставщиками. В этом году завершено свыше 100 проверок.
По каналам инициативного информирования в 2025 году поступило больше 100 обращений, по 21 – доводы подтвердились. По всем фактам виновные лица привлечены к ответственности, а в 1 случае – расторгнут трудовой договор.
Регулярно проводится обучение требованиям антикоррупционного законодательства и политик в сфере комплаенс. Только за прошлый год его прошли 19 тыс. работников. В этом году обучено 490 вновь принятых специалистов. Также на постоянной основе ведется контроль в сфере подарков и проведения культурно-развлекательных мероприятий.
Работа по приоритетным направлениям комплаенс-контроля продолжается.