30/05/2026
📌 Көкшетауда «AQMOLA URBAN FORUM: Реновация және заманауи урбанизация» республикалық форумы өтті
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ұйымдастырылған форум жұмысына Өнеркәсіп жәнеқұрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, министрлік өкілдері,салалық ұйымдардың басшылары, өңірлер әкімдерінің орынбасарлары және сала сарапшылары қатысты. Бұған дейін урбанистика саласындағы мәселелер Астана қаласында талқыланған-ды.
Форумды Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ашып, іс-шараның тәжірибе алмасу мен қалалық ортаныдамытудың заманауи тәсілдерін қалыптастыруға арналған маңызды алаңға айналғанын атап өтті.
«Бүгінде Ақмола облысы экономикалық өсім, инвестиция тарту және тұрғын үй құрылысы қарқыны бойынша еліміздің жетекші өңірлерінің бірі болып отыр. Өткен жылдың қорытындысында облысымыз негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі жөнінен Қазақстанда бірінші орынға шықты. Қалалық ортаны жаңғыртудағы жетістіктеріміз жалпы экономикалық даму қарқыныментығыз байланысты. Өңірімізде ең ауқымды жоспарларды жүзеге асыруға қажетті барлық ресурстар бар», – деді өңір басшысы.
ℹ️ Форум барысында қалалық ортаны кешенді дамыту бағытында жүзеге асырылған жұмыстар таныстырылды.
Негізгі жобалардың бірі – Жеңіс саябағын, Даңқ аллеясын,Тәуелсіздік алаңын және Қопа көлінің жаңа жағалауын біріктірген ауқымды «Көк шалғын» қалалық жобасы болды. Сонымен қатар Көкшетау, Щучинск және облыстың басқа да елді мекендерінде қоғамдық кеңістіктерді дамыту, заманауи сәулеттік жарықтандыруды енгізу, саябақтар мен жағалауларды абаттандыру жұмыстары жалғасуда.
«Тұрғын үй қорын реновациялау мәселелеріне ерекше назараударылуда. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы өңірге жасаған жұмыс сапары барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев облыста жүзеге асырылып жатқан ескі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасына оң баға беріп, Ақмола облысының тәжірибесін еліміздің басқа өңірлеріне таратуды тапсырған», – деп атап өтті Қуандық Қажкенов.
Соңғы екі жылда өңірде Көкшетау қаласында, сондай-ақ Бұланды, Бурабай және Аршалы аудандарында 23 ескі тұрғын үй сүрілді. Азаматтарды көшіру үшін 763 пәтерлі 10 көпқабатты тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде 248 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізсе, тағы 73 меншік иесіне өтемақы төленді. Жыл соңына дейін тағы 130 отбасын көшіру жоспарлануда.
Форумда инвестиция тарту, индустриялық аймақтарды дамыту, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін жетілдіру және заманауи урбанистикалық шешімдерді енгізу мәселелері де талқыланды.
Қалалық кеңістіктерді ұйымдастырудың үлгісі ретінде форум қонақтарына Көкшетау қаласындағы «Жаңа жағалау» мен «Көк шалғын» серуен аймағы бойынша жаяу экскурсия ұйымдастырылып, реновация бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйлердің бірі көрсетілді.
«Қазіргі таңда қалалық кеңістікті жаңғыртуға мүмкіндік беретін жаңа мемлекеттік бағдарламалар бар. Біздің міндетіміз – оларды қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру үшін тиімді пайдалану», – деп қорытындылады Марат Ахметжанов.
➖
📌 В Кокшетау прошел республиканский форум «AQMOLA URBAN FORUM: Реновация и современная урбанизация»
В работе форума приняли участие вице-министр промышленности и строительства РК Куандык Кажкенов, представители Министерства промышленности и строительства, руководители профильных организаций, заместители акимов регионов и эксперты отрасли. Днем ранее опытом урбанистики поделились в Астане.
Форум открыл аким Акмолинской области Марат Ахметжанов, подчеркнув, что мероприятие стало важной площадкой для обмена опытом и выработки современных подходов к развитию городской среды.
«Акмолинская область сегодня является одним из ведущих регионов страны по темпам экономического роста, привлечению инвестиций и развитию жилищного строительства. По итогам прошлого года регион занял первое место в Казахстане по объему инвестиций в основной капитал, а успех в модернизации городской среды неразрывно связан с темпами роста нашей экономики в целом. Наш регион сегодня обладает всеми необходимыми ресурсами для реализации самых амбициозных планов», – подчеркнул глава региона.
ℹ️ На форуме представлены достижения региона в сфере комплексного развития городской среды.
Одним из ключевых проектов стал масштабный городской проект Көк Шалғын, объединивший парк Жеңіс, Аллею Славы, площадь Тәуелсіздік и новую набережную озера Копа. Продолжается развитие общественных пространств, внедрение современного архитектурного освещения, благоустройство парков и набережных в Кокшетау, Щучинске и других населенных пунктах области.
«Особое внимание уделено вопросам реновации жилого фонда. Напомним, что в ходе рабочей поездки в регион в 2024 году Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев положительно оценил реализуемую в области программу обновления ветхого жилья и поручил масштабировать акмолинский опыт на другие регионы страны», – акцентировал Куандык Кажкенов.
К слову, за последние два года в регионе снесено 23 ветхих жилых дома в Кокшетау, Буландынском, Бурабайском и Аршалынском районах. Для переселения граждан построено и введено в эксплуатацию 10 многоквартирных домов на 763 квартиры. Новое жилье получили 248 семей, еще 73 собственникам выплачены компенсации. До конца года планируется переселение еще 130 семей.
На форуме также обсудили вопросы привлечения инвестиций, развития индустриальных зон, совершенствования механизмов государственно-частного партнерства и внедрения современных урбанистических решений. В качестве примера решения организации городских пространств в г. Кокшетау гостям предложили пешую прогулку по набережной Жаңа жағалау и прогулочной зоне Көк шалғын, а также выезд к одному из домов, построенному по программе реновации.
«Сейчас есть новые госпрограммы, в рамках которых можно преобразить городское пространство. Наша задача – их эффективно использовать для создания безопасной и комфортной среды», – подвел итог Марат Ахметжанов.