16/04/2026
2026 жылғы 15 сәуірде Амангелді ауданының әйелдер күштері альянсының көшпелі отырысы Үрпек ауылындағы клубында өткізілді. Отырысқа Үрпек ауылының тұрғындары қатысты. Күн тәртібінде жоспарға сәйкес 5 мәселе қаралды. Отбасы құндылықтары-жарқын болашақтын кепілі. Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл. Ерекше білім беруді қажет ететін отбасыларға қолдау көрсету. Балалардың құқықтарын қорғау. Қосымша білім беру ұйымдарына балаларды тарту.
Амангелді ауданының әйелдер күштері альянсының төрайымы Г.М.Жандильдина «Отбасы құндылықтары» – қоғамның берік негізін құрайтын басты тіректердің бірі екенін атап өтті. Олар адамға мейірім, сыйластық, жауапкершілік сияқты қасиеттерді дарытады. Әке-шеше мен бала арасындағы сүйіспеншілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет – ұрпақ тәрбиесінің алтын қазығы. Осындай құндылықтарды сақтап, дамыту арқылы біз болашақта бірлігі жарасқан, рухани бай, мәдениеті жоғары қоғам құра аламыз. Сондықтан отбасы құндылықтарын дәріптеу – жарқын болашақтың кепілі деп түсіндірді.
Амангелді ауданының әйелдер күштері альянсының мүшесі, Амангелді ауданы полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес тобының аға инспекторы Сабитбек Гүлбаян Амантайқызы “Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл” – қоғам үшін аса маңызды екенін айтты. Бұл мәселені шешу үшін бірнеше бағытта жұмыс жүргізіледі:
Құқықтық шаралар
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы заңдар қабылданған.
Құқық қорғау органдары жәбірленушіні қорғау үшін шұғыл шаралар қолдана алады (мысалы, қорғау ұйғарымдары).
Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Жеке деңгейде
Жәбірленушіні тыңдау және қолдау көрсету.
Қауіпсіздік жоспарын құруға көмектесу.
Қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласу.
Ең бастысы – зорлық-зомбылықты жасырып қалмай, ашық айту және қолдау көрсету. Қоғамдық үнсіздік мәселені тереңдетеді, ал бірлескен әрекет оны азайтуға мүмкіндік береді.
Амангелді ауданының әйелдер күштері альянсының мүшесі, «Амангелді ауданының білім бөлімі» ММ бас маманы Талканова Айгуль Азимбаевна баланың негізгі құқықтары ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодексі бойынша әр баланың құқығы туралы, ата-ана міндеттері, алимент өндіру және ерекше білім беру қажет ететін отбасылардың балаларына мемлекет тарапынан көрсетілетін қажетті қолдау туралы ақпаратымен бөлісті.
Амангелді ауданының әйелдер күштері альянсының мүшесі, «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер орталығының әдіскері Естекова Жансая Сағынғалиқызы балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін қосымша білім беру ұйымдарына тарту қажет екенін атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша тұрғындардың сұрақтары бойынша және қаралған мәселелер жан-жақты талқыланып, шешу жолдары бойынша ұсыныстар қабылданды.