05/02/2026
Құрметті Бейнеу ауданының тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне арналған «Tort Tulik» мобильді қосымшасын іске қосты.
Қосымшаның мүмкіндіктері:
✔️ малды есепке алу;
✔️ ветеринариялық паспорт алу;
✔️ малды есепке қою және есептен шығару (сатып алу, сату, сою);
✔️ сырға (бирка) жоғалған жағдайда ауыстыру;
✔️ алдағы вакцинация және диагностикалық іс-шаралар туралы хабарламалар алу;
✔️ ветеринария саласындағы жаңалықтардан хабардар болу.
Қосымша онлайн және офлайн режимде жұмыс істейді (интернетке қосылған кезде деректер автоматты түрде жаңартылады).
⬇️ Жүктеу үшін қолжетімді:
🔹 Google Play
🔹 App Store
✅ «Tort Tulik» - ыңғайлы, жылдам және тегін!