17/07/2026
🏛️ Қазақстан Республикасының ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі экономикалық санкциялар, экспорттық бақылау және ДСҰ құқығы бойынша семинар өткізді
2026 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) және Женевадағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі «Экономикалық санкциялар, экспорттық бақылау және ДСҰ-ның құқықтық негіздері» тақырыбында онлайн семинар ұйымдастырды.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың және халықаралық құқық саласындағы мамандардың 50-ден астам өкілі қатысты.
Құттықтау сөз сөйлеген Тұрақты өкіл Қ.Қ. Төребаев Қазақстанның әрдайым ашық, болжамды әрі ережелерге негізделген көпжақты сауда жүйесін қолдайтынын атап өтті. Оның айтуынша, ірі сауда державалары енгізетін шектеулердің формалды қолданылу аясы тар болуы мүмкін, алайда олардың негізінде қалыптасатын комплаенс ортасы әлдеқайда кең ауқымды қамтиды.
Семинардың сарапшысы ретінде Женевадағы De Minimis Law заң фирмасының серіктесі доктор Мануэль Санчес Миранда сөз сөйледі. Ол ДШК-ның 27.2-бабына сәйкес ДСҰ заң сарапшыларының тізіліміне енгізілген, бұған дейін ДСҰ Хатшылығында жұмыс істеп, Мексиканың ДСҰ-дағы дауларды шешу командасын басқарған.
Семинар барысында санкцияларды халықаралық құқық тұрғысынан реттеу, ГАТТ-1994 ХХІ-бабы, ЕО санкциялық тетігі, қосарланған мақсаттағы тауарларға экспорттық бақылау және трансшекаралық операциялардағы құқықтық тәуекелдерді бағалау мәселелері қарастырылды. ⚖️
Толығырақ ТӨ ресми сайтында
🏛️ Постоянное представительство Республики Казахстан при ВТО провело семинар по экономическим санкциям, экспортному контролю и праву ВТО
16 июля 2026 года Постоянное представительство Республики Казахстан при Всемирной торговой организации (ВТО) и других международных организациях в Женеве организовало семинар «Экономические санкции, экспортный контроль и правовые рамки ВТО».
Мероприятие прошло в онлайн-формате, в нем приняли участие более 50 представителей государственных органов, бизнес-сообщества и специалистов в области международного права.
С приветственным словом выступил Постоянный представитель К.К. Торебаев. Он подчеркнул, что правовая определенность в международной торговле является условием устойчивого доступа отечественных экспортеров на внешние рынки. По его словам, формальный охват вводимых крупными торговыми державами ограничений может быть узким, однако формируемая ими комплаенс-среда простирается значительно шире.
В качестве эксперта выступил д-р Мануэль Санчес Миранда, партнер женевской юридической фирмы De Minimis Law. Он включен в реестр юридических экспертов ВТО согласно статье 27.2 Договоренности о разрешении споров, ранее работал в Отделе по правовым вопросам Секретариата ВТО и возглавлял команду Мексики по разрешению споров.
В ходе семинара рассмотрены регулирование санкций нормами международного права, статья XXI ГАТТ 1994 года, санкционный механизм ЕС, экспортный контроль над товарами двойного назначения, а также правовые риски в трансграничных операциях. ⚖️
Подробнее на официальном сайте ППРК
🏛️ Permanent Mission of the Republic of Kazakhstan to the WTO Holds Seminar on Economic Sanctions, Export Controls and WTO Law
On 16 July 2026, the Permanent Mission of the Republic of Kazakhstan to the WTO and other International Organizations in Geneva hosted an online seminar entitled "Economic Sanctions, Export Controls and the WTO Legal Framework."
The event brought together more than 50 representatives of government authorities, the business community and experts in international law.
The seminar opened with remarks by Permanent Representative K. Torebayev, who reaffirmed Kazakhstan's commitment to an open, predictable and rules-based multilateral trading system. He noted that while the formal scope of restrictive measures introduced by major trading powers may be narrow, the compliance environment they create extends far beyond their legal reach.
The expert speaker was Dr. Manuel Sánchez Miranda, Partner at the Geneva-based law firm De Minimis Law. He is included in the WTO roster of legal experts under Article 27.2 of the DSU, and previously served in the WTO Secretariat's Legal Affairs Division and headed Mexico's WTO dispute settlement team.
The seminar covered the regulation of sanctions under public international law, Article XXI of GATT 1994, the EU's sanctions regime, export controls on dual-use goods, and legal risks in cross-border transactions. ⚖️
More on Mission's official website