01/06/2026
🔶Балаларды қорғау күні: елімізде Президенттің балаларды қолдау жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асырылуда
Бүгінде елімізде 6,9 млн-нан астам бала тұрады және олардың құқықтарын қорғау мәселесі мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы басым бағыттардың бірі саналады. Аталған жұмыс жаңа Конституцияда бекітілгендей, балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу қағидатына негізделген, ал мемлекеттің басты міндеті – отбасылар үшін балалардың дені сау болып өсуіне, сапалы білім алуына және өздерін қауіпсіз сезінуіне мүмкіндік беретін сенімді әрі қолайлы жағдай жасау. Бұл бағыттағы басты құжат ретінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай қорытындысы бойынша берген тапсырмасына сәйкес қабылданып, Үкімет бекіткен 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы айқындалды.
Толығырақ ortcom.kz сайтында
🔷День защиты детей: как в Казахстане реализуются поручения Президента по поддержке детства
Сегодня в стране проживает более 6,9 млн детей и вопросы защиты занимают одно из ключевых мест в социальной политике государства. Эта работа опирается на принцип заботы о детях и их воспитании, отмеченный в новой Конституции, а главная задача государства – создавать для семей надежные и комфортные условия, в которых дети могут расти здоровыми, получать образование и чувствовать себя в безопасности. Главным документом в этом направлении на ближайшие годы стала утвержденная Правительством Концепция «Дети Казахстана» на 2026–2030 годы, принятая по поручению Президента Касым-Жомарта Токаева по итогам Национального курултая.
Подробнее на сайте ortcom.kz