02/09/2024
Бесінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Ақтөбе облысынан жеті спортшы қатысадыАқтөбе облысының делегациясы бесінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына аттанды. Біздің өңірден Азамат Қайдаров, Мөлдір Серікқызы, Ғарышбек Құлыбек, Назерке Азаматова, Бақыт Құсақбаева, Әділет Шалғынбекұлы және Бекнұр Бектай сынды спортшылар тоғызқұмалақ, асық ату, қазақша қүрес және құраш сияқты түрлі спорттық ойындарда өнер көрсетеді. Делегация құрамында ойындардың мәдени бағдарламасына қатысатын шығармашылық ұжымдар да бар. Сонымен қатар, "Көшпенділер әлемі" этноауылын ұйымдастыру үшін арнайы дайындалған киіз үйлер жіберілді.Әйтеке би ауданында спортшыларды халқымыздың салт-дәстүрлеріне сәйкес жарқын жүзбен шығарып салды. Өткізу орны да кездейсоқ таңдалған жоқ. Биыл Қазақстан Әйтеке бидің туғанына 380 жыл толуын атап өтуде.Ақтөбеліктер сондай-ақ Астанаға "Ислам-бұлақ" қасиетті бұлақ көзінің суын да апарады. Бұл бұлақ суының емдік күші жайлы аңыздар көп. Естеріңізге сала кетейік, су Бірінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басты қасиетті нышаны әрі негізгі элементі болатын. Астанаға су толтырылған торсықтар еліміздің әр өңірінен жеткізіледі.Естеріңізге сала кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйекте Астанада өтеді.