01/06/2026
🎈 Ақтөбеде Балаларды қорғау күніне орай 700-ден астам бала қатысқан мерекелік концерт өтті
🎶 Балалардың күлкісі, әндері, билері, виртуалды саяхаттары мен кітап туралы әңгімелері. Ақтөбеде өткен Халықаралық балаларды қорғау күніне жиналған облыстың жүздеген жас тұрғыны үшін мереке осылайша есте сақталды.
🎭 Мерекеге орай Өнер орталығында балалар шығармашылық ұжымдарының қатысуымен ауқымды концерт өтті. Сонымен қатар балалар мен олардың ата-аналары үшін интерактивті алаңдар мен танымдық локациялар ұйымдастырылды.
🔹 Іс-шараға облыс әкімі Асхат Шахаров қатысты. Жас ақтөбеліктерді мерекемен құттықтаған өңір басшысы балалар елдің ең басты байлығы әрі болашағы екенін атап өтті.
«Балалар – әр отбасының бақыты және еліміздің болашағы. Біздің міндетіміз – олардың білімді, талантты әрі өзіне сенімді болып өсуіне барлық жағдай жасау. Бүгінде өңірде білім беру жүйесін дамыту, жаңа мектептер мен балабақшалар салу, балалардың шығармашылығы мен спортын қолдау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әрбір баланың өз қабілетін ашып, армандарын жүзеге асырып, болашаққа нық сеніммен қарауы үшін мүмкіндіктер жасауды жалғастыра береміз»,
– деді облыс әкімі.
⚜️ Өңір басшысы Президенттің тапсырмасымен облыста білім беру саласында ірі жобалар жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті. Биыл Қарғалы тұрғын алабында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған 300 орындық арнайы балабақшаның құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында өңірде 14 жаңа заманауи мектеп салынды, ал 2027 жылға дейін 24 білім беру ұйымы жаңғыртылады.
📌 Сонымен қатар балалардың құқықтарын қорғау, қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңейту және өскелең ұрпақ үшін қауіпсіз орта қалыптастыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінде Ақтөбе облысында 300 мыңнан астам бала тұрады. Олардың шамамен 190 мыңы білім беру ұйымдарында оқып, спортпен, шығармашылықпен және ғылыми қызметпен айналысады.
⚜️ Мерекенің ең әсерлі сәттерінің бірі облыс әкімінің балалармен әңгімелесуі болды. Мектеп оқушысы Әминаға берген сұхбатында Асхат Шахаров өзінің балалық шағы, мектептегі жылдары және кітап оқуға деген сүйіспеншілігі туралы айтты.
📚 Әкім сөзінше, сол кездегі өзге балалар сияқты ол да жазғы демалысты асыға күтетін, достарымен уақыт өткізгенді жақсы көретін және көп кітап оқыған.
«Біз ата-аналарымыз бен мұғалімдерімізді тыңдап, жақсы оқуға тырысатынбыз. Ол кезде кітап көп болмағандықтан, кітапхана ерекше орын еді. Қызықты кітаптың қашан қолға түсетінін күтіп, оны оқып, кейін бір-бірімізге мазмұнын айтып беретінбіз. Бүгінде де кітап оқу білім алып, дамудың ең тиімді жолдарының бірі болып қала береді деп ойлаймын»,
– деп естеліктерімен бөлісті облыс әкімі.
🔹 Асхат Шахаров оқушыларға жазғы демалысты пайдалы өткізіп, көбірек кітап оқуға және жаңа білім көкжиектерін ашуға тілек білдірді.
🌟 Жас тілшімен әңгімеден кейін облыс әкімі Өнер орталығының фойесінде ұйымдастырылған тақырыптық алаңдарды аралап көрді. Мұнда мектеп кітапханасы қорындағы балалар кітаптарының көрмесі, балаларға теңіз әлеміне виртуалды саяхат жасауға мүмкіндік берген VR-аймақ, қазақ киіз үйінің ұлттық жабдықтары қойылған экспозиция, сондай-ақ ойын және танымдық алаңдар ұсынылды.
🎤 Мерекелік атмосфераны концерт жалғастырды. Оған балабақшалар, мектептер және қосымша білім беру ұйымдарының 700-ден астам тәрбиеленушісі қатысты. Сахнада балалық шақ, достық және Отан туралы әндер шырқалып, жарқын би қойылымдары көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
✨ Халықаралық балаларды қорғау күні тағы бір мәрте бақытты балалық шақтың негізі – қамқорлық, көңіл бөлу және жан-жақты дамуға мүмкіндік жасау екенін еске салды. Ал Асхат Шахаров айтқан білімге деген сүйіспеншілік әртүрлі ұрпақты біріктіретін маңызды құндылық болып қала береді.
_______________________
🎈 В Актобе в честь Дня защиты детей состоялся праздничный концерт с участием более 700 детей
🎶 Детский смех, песни, танцы, виртуальные путешествия и разговоры о книгах. Таким запомнился Международный день защиты детей в Актобе, который собрал сотни юных жителей области.
🎭 По случаю праздника в Центре искусств прошел большой концерт с участием детских творческих коллективов. Для детей и их родителей также были организованы интерактивные площадки и познавательные локации.
⚜️ В мероприятии принял участие Асхат Шахаров. Поздравляя юных актюбинцев с праздником, глава региона подчеркнул, что дети являются главным богатством страны и ее будущим.
«Дети – это счастье каждой семьи и будущее нашей страны. Наша задача создать все условия для того, чтобы они росли образованными, талантливыми и уверенными в себе. Сегодня в регионе ведется большая работа по развитию системы образования, строительству новых школ и детских садов, поддержке детского творчества и спорта. Мы и дальше будем создавать возможности для того, чтобы каждый ребенок мог раскрыть свои способности, реализовать свои мечты и уверенно смотреть в будущее»,
- сказал аким области.
⚜️ Глава региона отметил, что по поручению Президента страны в области реализуются масштабные проекты в сфере образования. В текущем году планируется завершить строительство специального детского сада на 300 мест для детей с особыми образовательными потребностями в жилом массиве Каргалы. В рамках Национального проекта «Келешек мектептері» в регионе построили 14 новых современных школ, а до 2027 года модернизируют 24 организации образования.
📌 Кроме того, продолжается работа по защите прав детей, расширению возможностей дополнительного образования и созданию безопасной среды для подрастающего поколения. Сегодня в Актюбинской области проживает более 300 тысяч детей, около 190 тысяч из которых обучаются в организациях образования, занимаются спортом, творчеством и научной деятельностью.
⚜️ Одним из самых теплых моментов праздника стало общение главы региона с детьми. В интервью школьнице Амине Асхат Шахаров рассказал о своем детстве, школьных годах и любви к чтению.
📚 По его словам, как и многие дети того времени, он с нетерпением ждал летних каникул, любил проводить время с друзьями и много читал.
«Мы слушались родителей и учителей, старались хорошо учиться. Тогда книг было не так много, поэтому библиотека была особенным местом. Ждали, когда освободится интересная книга, читали ее, а потом пересказывали друг другу. Думаю, что и сегодня чтение остается одним из лучших способов получать знания и развиваться»,
– поделился воспоминаниями аким области.
🌟 Асхат Шахаров пожелал школьникам провести летние каникулы с пользой, больше читать и открывать для себя новые знания.
🔹 После беседы с юной журналисткой аким области ознакомился с тематическими площадками, организованными в фойе Центра искусств. Здесь были представлены выставки детских книг из фонда школьной библиотеки, VR-зона, где ребята могли совершить виртуальное путешествие по морскому миру, экспозиция с национальным убранством казахской юрты, а также игровые и познавательные локации.
🎤 Праздничную атмосферу продолжил концерт, в котором приняли участие более 700 воспитанников детских садов, школ и организаций дополнительного образования. Со сцены звучали песни о детстве, дружбе и Родине, а яркие танцевальные номера подарили зрителям хорошее настроение.
✨ Международный день защиты детей вновь напомнил о том, что счастливое детство начинается с внимания, заботы и возможностей для развития. А любовь к знаниям, о которой говорил Асхат Шахаров, остается ценностью, объединяющей разные поколения.