03/06/2026
🇰🇿4 маусым – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай кітапханада «Тәуелсіздік тұмары – рәміздер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, олардың шығу тарихы мен маңызын насихаттау.
Шара барысында оқушылармен танымдық сұхбат жүргізіліп, мемлекеттік рәміздерге байланысты сұрақтар қойылды. Қатысушылар Қазақстан Республикасының Туының авторын, Елтаңба авторларын, Әнұранның сөзін жазған авторларды атап, рәміздердің қабылданған жылы мен олардың мағынасы туралы білімдерін ортаға салды.
#4маусым
#рәміздеркүні