16/05/2026
📌 «Адал азамат» – мемлекеттік қызметтің басты құндылығы. Үстіміздегі жылдың 13-14 мамыр күндері ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының БҚО филиалында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Исмагуловамен екі күндік семинар курсынан өттік. Семинардың басты мақсаты — мемлекеттік қызмет жүйесінде адалдық, әділдік және жауапкершілік қасиеттерін терең қалыптастыру, сондай-ақ Мемлекет басшысы алға қойған «Адал азамат» моделін іс жүзінде іске асыру. Оқу барысы тек теориямен шектелмей, күнделікті жұмыста кездесетін қызықты әрі күрделі практикалық кейстерді талқылауға бағытталды. Бөрлі ауданы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі ретінде бұл семинар қызметтік әдеп стандарттарын нығайту мен мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыруда үлкен тәжірибелік көмек болды. Адалдық пен әділдік — әрбір мемлекеттік қызметшінің басты ұстанымы болуы тиіс!
#БөрліАуданы #МемлекеттікҚызмет #АдалАзамат #ӘдепЖөніндегіУәкіл #МБА #ІшкіСаясат
Батыс Қазақстан облысы әдеп жөніндегі уәкіл