21/08/2025
❗️Қару мен оқ-дәрілерді алып қою туралы
🔹Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті қару мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі шаралар қабылдауда.
🔹ҰҚК 2025 жылғы тамыздан бастап полиция органдарымен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Астана, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында заңсыз айналымдағы, оның ішінде «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруды іздеу және алып қою бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
🔹12 Калашников автоматы, 6 тапанша, 15 мылтық, 3 граната және 500 бірліктен астам оқ-дәрі алып қойылды.
🔹Көрсетілген фактілер бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
🔹Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
✅ҰҚК баспасөз қызметі
_____________
❗️Об изъятии оружия и боеприпасов
🔹Во исполнение поручения Главы государства Комитетом национальной безопасности принимаются системные меры по противодействию незаконному обороту оружия и боеприпасов.
🔹С начала августа 2025 года КНБ совместно с органами полиции и при координации прокуратуры в городах Астана, Шымкент, Атырауской, Жамбылской, Карагандинской, Павлодарской, Северо-Казахстанской областях и области Ұлытау проведен ряд оперативно-розыскных мероприятий по поиску и изъятию из незаконного оборота оружия, в том числе похищенного во время «январских событий».
🔹Изъято 12 автоматов Калашникова, 6 пистолетов, 15 ружей, 3 гранаты и более 500 единиц боеприпасов.
🔹По указанным фактам проводятся следственно-оперативные мероприятия.
🔹Работа в данном направлении продолжается.
✅Пресс-служба КНБ