26/06/2023
ЖАСТАР СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІНІҢ ТАРАЛУЫНА ҚАРСЫ!
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ есірткіге қарсы күрес күні қарсаңында Маңғыстау облысы «Жастар Рухы» ЖҚ белсенділері, облыс пен қала мәслихатының депутаттары, қоғамдық пікір көшбасшылары, Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп Ақтау қаласының аумағында арналарды жарнамалау және есірткі заттарын сатып алудың алдын алу бойынша «Жастар нашақорлыққа қарсы!» акциясын өткізді.
📍Акцияның негізгі мақсаты: заңсыз граффити жазуларын, есірткі сайттарын жарнамалайтын штрих-кодтарды жоюға бағытталған.
💬«ҚР Президентінің жолдауында атап өткен қазіргі синтектикалық есірткілер - жастар арасында қоғам дерті болып келеді.
Халықаралық есірткіге қарсы күрес күні қарсаңында өнірімізде 1 айлық жоспар жасақталды. Осы бағытта мектепте, коллледжде және универде көп деген шаралар өткізулуде. Бұл рейдтік, спорттық және мәдени іс-шаралар. Басты мақсат - салауатты өмір салтын насихаттау.
Өңірімізде 5 айдың қорындысы бойынша 300-ге жуық граффити, 60-қа жуық интернет сайттар аңықталған. Бұл мәселені шешу барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерінің арқасында мүмкін болады. Қоғамның топтасуы мен бірлескен қарсы іс – қимылдың арқасында ғана қазіргі заманның жаһандық проблемасы – нашақорлықты шешуде оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.» - дейді, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Әмірғалиева Алтынай.
Акция барысында қала тұрғындарына профилактикалық жұмыс жүргізіп, үйлердің, ғимараттардың, қоршаулардың қабырғаларына есірткі бұйымдарын жарнамалау мазмұнында жазылған жазулар өшірілді.
💬«Мемлекет басшысының жолдауында бүтін бір тармақ - ұлт денсаулығы туралы болған. Қазіргі танда синтетикалық есірткіні тұтынудың артуы ұлт денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Олар жыл сайын қол жетімді болып, әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы еш кедергісіз сатылады.
«AMANAT» партиясы атынан нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы жыл басынан бірнеше рет рейд өткізіліп келеді. Осы аса қауіпті әлеуметтік аурудың ауқымын ескере отырып, синтетикалық есірткілерді өндіру мен таратуға қарсы күрес жалпыұлттық сипатқа ие болуға тиіс.
Әр адам кез келген күресті өзінен бастап, өзгеге осы дертпен күресу жолы туралы үндеу тастау керек.» - дейді, «Жастар Рухы» жастар қанаты Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихатының депутаты Абзал Марат.
#ЖастарРухы #ЖастарРухыМаңғыстау #МаңғыстауОблысыПолицияДепартаменті